«Көктөбе опера» ашық аспан астындағы классикалық өнер фестиваліне

«Көктөбе опера» ашық аспан астындағы классикалық өнер фестиваліне

Алматы әкімдігі 6-7 қыркүйекте қала күнін тойлау құрметіне Көктөбе саябағымен бірлесіп алматылықтар мен қала қонақтарын жыл сайынғы «Көктөбе опера» ашық аспан астындағы классикалық өнер фестиваліне шақырады. Фестивальде әйгілі симфониялық шығармалар, әлемдік классиканың опералық және балеттік шедеврлері, сүйікті фильмдердің, мюзиклдер мен оперетталардың композициялары мен әндері орындалады.

Сахнада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртістері де өнер көрсетеді. Тосынсый ретінде арнайы шақырылған қонақтар - әлемдік опера сахнасының жұлдыздары да кештің көркін кіргізеді.

Өтетін орны мен күні: 6-7 қыркүйек сағат 20:00-де, Көктөбе саябағы

Байланыс телефоны: Әбдірашитова Земфира, +7 7014151923

Басталу уақыты

06 қыркүйек 2023

Соңғы күні

07 қыркүйек 2023

Өткізу орны

Көктөбе саябағы

Оқиға түрі

Фестиваль