ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Көру саны:63
Алматы қаласы әкімдігі тұрғындарға өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік жасады::
- Веб-сервис: https://electorat.almaty.kz/
- Telegramдағы чат-бот: https://t.me/almaty_maslihat_2026_bot
- Бірыңғай байланыс орталығы 109 телефоны бойынша.
- Учаскелік комиссияларының шекаралары мен орталықтары көрсетілген Алматы қаласының интерактивті картасы: https://mapalmaty.kz/elections2026
Маңызды! Азаматтың нақты бір дауыс беру учаскесінде сайлауға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміне қосылуы үшін тұрған жері бойынша осы сайлау учаскесінің аумағында тіркелгендігі негізге алынады. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «Электронды үкімет» порталының «Азаматтық, миграция және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімі бойынша немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.
2026 жылдың 29 қараша мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатыса отырып, конституциялық құқығыңызды жүзеге асырыңыз.

04 қараша 2026
04 қараша 2026