«Атакент Mall» сауда орталығының қызметкерлерімен дәріс жүргізілді

Жарияланған күні: 09 қазан 2020
Жаңарту күні: 09 қазан 2020
Көру саны:16
Ағымдағы жылдың 7 қазанында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» «Атакент Mall» сауда орталығының қызметкерлерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс жүргізді. Дәрісті дінтану магистрі Е. Берикбаев өткізді.
Іс-шараға 30-ға жуық адам қатысты. Шара барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдарға тарту әдістері және олардың қазақ қоғамы үшін зияны туралы сөз қозғалды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша практикалық ұсыныстар айтылды, экстремистік материалдарды таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы ақпарат берілді.
Жарияланған күні
09 қазан 2020
Жаңарту күні
09 қазан 2020
Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты