ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Алматы қаласының әкімдігі өзінің референдум учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді:

  1. Call-орталығы-1315
  2. Телеграм бот - https://t.me/almaty_referendum2024_bot
  3. Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі - https://open-almaty.kz/
  4. Сайлаушылар тізімінде өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін қызмет https://mapalmaty.kz/spisok 
  5. Референдумның учаскелік комиссияларының шекаралары мен орталықтары көрсетілген Алматы қаласының интерактивті картасы https://mapalmaty.kz/referendum 

 

Маңызды! Азаматты дауыс берудің нақты учаскесінде республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізу үшін оның референдумның көрсетілген учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электронды үкімет» порталының «Азаматтық, миграция және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімі бойынша немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет. 

2024 жылдың 6 қазанына белгіленген республикалық референдумға қатысу арқылы конституциялық құқыңызды жүзеге асырыңыз.

 

 

Жарияланған күні

12 қыркүйек 2024

Жаңарту күні

12 қыркүйек 2024

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты