
Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!
Сіздерді биылғы біздің бірінші кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.
Соңғы рет біз өткен жылдың қыркүйегінде (21.09.2023) кездестік. Желтоқсан айында (07.12.2023.) мен сіздердің ауданыңыздың тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткіздім.
Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы қаламыздың ең көне ауданының қарқынды дамуын көрсетті.
Мәселен, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі
2,2 есе (96,7 мың шаршы метрден 212,8 мың шаршы метрге дейін), өнеркәсіп 13,3%-ке (357 млрд. теңгеден 390,6 млрд. теңгеге дейін) және инвестициялар 4,7%-ке (186,2 млрд. теңгеден 202,2 млрд. теңгеге дейін) өсті. Жұмыс істейтін бизнес субъектілері санының 24%-ке өскені байқалады (22 178-ден 27 571 субъектіге дейін). Бұл салық түсімдерінің 23%-ке (176,2 млрд. теңгеден 216,3 млрд. теңгеге дейін) ұлғаюына және 5,5 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді (өсу – 7%).
Тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету және аудан әкімдігінің дербестігін арттыру мақсатында
2023 жылы өкілеттіктерді орталықсыздандыру шеңберінде Түрксіб ауданының бюджеті 5,4 млрд. теңгеден 16,5 млрд. теңгеге дейін 3 есеге ұлғайтылды.
Енді сіздерге атқарған жұмысымыз және биылғы жылы ауданыңызды дамыту жоспарлары туралы хабарлауға рұқсат етіңіздер.
БІРІНШІ. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі Түрксіб ауданының маңызды мәселелердің бірі болып қала бермек.
2024 жылы 223,7 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және іске қосу жоспарлануда, оның ішінде:
- «Әлмерек» (су құбыры 9,8 км, канализация 10,2 км; «Sheber Build» ЖШС) шағын ауданында 20 км су құбыры мен канализация құрылысы бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Тұрғындар сумен қамту желілеріне қосыла алады, жүйе тексерілгеннен кейін осы жылдың қаңтар айының соңында канализация жүйесіне қосылуға мүмкіндік болады;
- Биыл ақпан айының соңына дейін «Жас Қанат» (су құбыры 7,8 км, канализация 8,6 км; «Jasyl El Qurylys» ЖШС) шағын ауданында 16,4 км су құбыры мен канализация құрылысы бойынша жұмыстар аяқталады;
- 2024 жылдың 3-ші тоқсанында «Маяк» (су құбыры
11,5 км, канализация 22,5 км; «Sheber Build» ЖШС), «Нижняя Пятилетка» (су құбыры 115 км, канализация 31,9 км; «Алвис» ЖШС) шағын аудандарында және Закарпатская көшесінде (су құбыры 4,8 км, канализация 1,6 км; «Карасай Kурылыс» ЖШС) 187,3 км су құбыры және канализация құрылысы аяқталады.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 2-ші тоқсанында «Қайрат» шағын ауданында 37,2 км сумен қамту және су бұру жаңа желілерінің (сумен қамту 17,3 км/с, су бұру 19,9 км)
2-ші кезегін салу жұмыстарын бастау жоспарланған.
Биыл 6 учаске бойынша су құбыры мен канализация желілерін жобалауды аяқтау көзделген, оның ішінде:
– Ұзындығы 120 км 2 учаске бойынша (мерзімі -
2024 жылдың I-ші тоқсаны): ауданның орталық бөлігінде Сейфуллин даңғылынан батысқа қарай (Рысқұлов-Жансүгіров – Шолохов - Сейфуллин көшелерінің квадраты) (сумен қамту 30 км, канализация 70 км) және Әуежай көлінің маңы (Тоқай - Норильский – Поддубный - Диксон көшелерінің квадраты) (сумен қамту 10 км, канализация 10 км)
– Ұзындығы 50 км 4 учаске бойынша (мерзімі –
2024 жылдың III-ші тоқсаны): ауданның орталық бөлігінде Сейфуллин даңғылынан шығысқа қарай, Шолохов, Ақан сері және Сейфуллин көшелерінің квадратында, сондай-ақ, Красногорская, Сүйінбай, Асылбеков, Соболев, Сарымолдаев көшелеріндегі жекелеген үйлер үшін (Сүйінбай даңғылы 190-220 бойынша канализация құрылысы; Асылбеков, Соболев, Сарымолдаев көшелерінде сумен қамту желісін салу; Красногорская көшесі 31/10 бойынша су құбырының құрылысы, 31/15 Сүйінбай даңғылы, 348-350; Ақан сері, Сейфуллин, Шолохов көшелерінің квадратында канализация құрылысы және сумен қамтуды реконстуркциялау).
2024 жылдың 2-ші тоқсанында «Әлмерек» (23,5 км; мердігер - «Eс Energy» ЖШС), «Нұршашқан» (18 км; мердігер - «АВМ-Building» ЖШС), «Қайрат» (120 км; мердігер - «Электромонтаж» АҚ) шағын аудандарында 161,5 км желіні жаңғырту жұмыстары аяқталады.
Бұдан басқа, бір ай ішінде «Қайрат» шағын ауданының тұрғындары «Кіші Станица» қосалқы станциясы арқылы қалалық желіге ауысады, бұл шағын ауданды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін айтқанымдай, жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету бойынша өкілеттіктер 2023 жылдың күзінен бастап аудандық әкімдіктерге берілді. Өткен жылдың қазан айында аудан әкімдігі «Алматы Қала Жарық» компаниясымен шарт жасасты.
Нәтижесінде, 2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында жөндеу бригадаларымен 520 өтінім пысықталып, 872 шам ауыстырылды, сондай-ақ 16 көшенің жарықтандыру тіректерінде энергия үнемдейтін LED шамдары орнатылды. Жалпы, 2024 жылдың соңына дейін аудан бойынша көше жарығын 85% - ға дейін қалпына келтіру жоспарлануда (26 782 жалпы санынан 22 760 жарық нүктесіне дейін). 2025 жылы 100% - ға дейін жеткізіп, барлық көшелерді жарықтандыру жоспарлануда.
ЕКІНШІ. Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғастырылады.
2024 жылы ұзындығы 44,4 км 36 көшені жөндеу жоспарлануда. Ағымдағы жөндеу аясында тағы 40 мың м2 жол төсемін қалпына келтіру жоспарлануда.
2024 жылы құрамды одан әрі жаңарту және
20 маршрутты күшейту жоспарлануда (№ 2, 3, 30, 34, 50, 56, 59, 71, 73, 74, 77, 79, 86, 92, 113, 120, 121, 123, 135, 138), оның ішінде 5 бағыт бойынша 104 жаңа автобустар осы жылдың
1-ші тоқсанында қатынайтын болады.
Осылайша 2024 жылдың соңына дейін сіздердің ауданыңызға қызмет көрсететін автобус паркі 50%-дан астам жаңартылады.
«Қайрат» шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша «Восток» автобус паркін «Жетісу Семиречье» базарының аумағынан («Камаз центр» ауданына, Солтүстік айналым көшесі, 47, Жетісу ауданы) көшіру жүргізілуде, ол 2024 жылдың 1-ші тоқсанының соңына дейін аяқталады.
Өткен жылдан бастап қалада «Мектеп автобусы» жобасы жүзеге асырылып жатқаны өздеріңізге мәлім. Түрксіб ауданында 8 мектеп автобусы 6 мектептің оқушыларын тасымалдайды (№20, 32, 89, 115, 162, 195). Жаңа оқу жылының басынан бастап біз 10 мектептің 2 мыңнан астам оқушысын қамту үшін сіздердің ауданыңыздағы автобустардың санын 22 бірлікке дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.
ҮШІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін кеңейту.
2024 жылғы наурыз айында №59 мектеп-гимназияға сейсмикалық күшейтумен және 300 орындық кеңейтумен қайта жаңартуды аяқталуы жоспарланған.
№195 мектепке 450 орындық қосымша құрылыс басталды. Аяқталу мерзімі – 2025 жылғы қаңтар айында.
2024 жылы жұмыстар басталады:
- «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 6100 орынға 4 жаңа мектеп салу бойынша (ҚМЖ басталуы-2024 жылғы ақпан) («Star Land» ЖШС, «Time Group» ЖШС,
«Qazaq Stroy» ЖШС, «SheberBuild» ЖШС);
- №198 мектепке 600 орындық қосымша құрылыс салу бойынша (МЭ – 2024 жылғы сәуір);
- №83 гимназия филиалын реконструкциялау бойынша (МЭ – 2024 жылғы сәуір);
- №50 мектепті сейсмикалық күшейту бойынша (ГЭ - 2024 жылғы сәуір) жұмыстар жоспарлануда.
- 2024 жылғы наурыз айында «Нұршашқан» шағын ауданында 100 келушіге және Айбасов көшесінде 200 келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулатория құрылысын аяқтау;
- 2024 жылғы наурыз айында 2 емхана «Қайрат» шағын ауданында 340 келушіге арналған және 2024 жылғы желтоқсан айында Наманганская көшесіндегі ескі ғимаратты бұза отырып, ауысымда 500 келушіге арналған, сондай – ақ 2024 жылдың II тоқсанында «РВ-90» шағын ауданында 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салуға 3 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда.
ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық ортаны құру әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылады.
2023 жылы 5 үй (121 пәтер) салынды, оған жақын маңдағы ескі үйлердің тұрғындары қоныс аударды.
Биылғы жылдың 2-ші тоқсанында тағы 13 үйдің құрылысы аяқталады (2 учаскеде: Кассина-Сефуллина «Қазақстрой» ЖШС - 6 үй және Молдағалиева-Сауранбаева «Айсұлтан» ЖШС - 7 үй).
Сондай-ақ «Алтай-2» шағын ауданында жеке құрылыс салушы («Elif construction» ЖШС) 54 үйді қайта жаңартуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 6 үй (43 пәтер) сатып алынып, 2 тоғыз қабатты үйдің (100-ден астам пәтер) құрылысы басталады.
Биыл осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, 60 жылда алғаш рет Әуежай көлінің түбін тазарту, одан әрі абаттандыру, жаяу жүргіншілер көпірінің құрылыс мен түбіндегі су ағызу жұмыстары жүргізіледі.
Бұдан басқа, 2024 жылдың 2-ші тоқсанында: Баум тоғайын; рекреациялық және жағажай аймақтарын жайластыру, жаяу жүргіншілер көпірлерін жаңартумен Үлкен Алматы каналын; сондай-ақ «Кіші Алматы» өзенінің бойындағы жаяу-серуендеу аймағын (Майлин көшесінен қала шекарасына дейін) абаттандыру бойынша жобаларын дайындау аяқталуда.
2023 жылы бағдарлама шеңберінде 1,7 млрд. теңге сомасына 81 жоба іске асырылды (Аулаларды жарықтандыру бойынша 33 жоба; балалар алаңдарын салу бойынша 29 жоба; тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнату бойынша 4 жоба; - жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеу бойынша 3 жоба; 5 - тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнату бойынша; жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеу бойынша 5 жоба; жаяу жүргіншілер-серуендеу аймақтарын жайластыру бойынша 2 жоба).
2024 жылға бөлінген сома жаяу жүргіншілер-серуендеу және парк аймақтарын жайластыру, жарықтандыру желілерін салу және т.б. жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін 2 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды (35 жоба).
Сонымен қатар, осы жылы қосымша тағы 30,6 км нөсер жүйесін салу жұмыстары жалғастырылады.
Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.
Презентация акима города Ерболата Досаева со встречи с жителями Турксибского района