Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Жарияланған күні: 08 наурыз 2023
Жаңарту күні: 08 наурыз 2023
Көру саны:120
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 9 наурызда Алматы қаласы, Абай даңғылы 8, Қазақ ұлттық аграрлық университеті ғимаратының 2 қабатындағы акт залында сағат 10.00-де "Сайлау заңнамасының новеллалары" тақырыбында семинар болатынын хабарлайды. Іс-шарада комиссия мүшесі Е. Қалымбайұлы баяндама жасайды.
Депутаттыққа кандидаттарды, саяси партиялардың өкілдерін, кандидаттардың сенімді адамдары мен аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің бақылаушыларын қатысуға шақырамыз.
Жарияланған күні
08 наурыз 2023
Жаңарту күні
08 наурыз 2023
Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты