Жиі қойылатын сұрақтар

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай – ақ «Бірауыл-бірөнім» бағдарламасының (БАБӨ)финалистерідеп танылған шағын және ортакәсіпкерлік субъектілеріне 5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде өтеусіз гранттар беруге конкурс өткізеді.

Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде бір рет өткізіледі. Қаржыландыру конкурстық негізде ұсынылады.

Алушылардың санаттары:

  1. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері - әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда).
  2. БАБӨ бағдарламасының финалистері–ауылдық аумақтарды дамытуға бағдарланған жергілікті шикізаттан өнімді әзірлеуге, өндіруге және ілгерілетуге бағытталған «Бірауыл-бір өнім» жобасының қатысушылары.

Грант алу тәртібі:

  1. Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізу әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығы мен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет. Құжаттарды қабылдау тоқсан сайын айдың 1-нен 15-не дейін жүзеге асырылады.
  2. Конкурсқа қатысу

Конкурсқа қатысуға рұқсат белгіленген іріктеу рәсімінен өткеннен кейін және бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда ғана мүмкін болады.

 Байланыс ақпараты:

  • Мекенжайы:Алматық., Байзақов к-сі,303,302кабинет
  • Телефон:+7(727)390-20-69

Құжаттарды тапсыруға және конкурсқа қатысуға байланысты мәселелер бойынша мүдделі тұлғаларға тікелей Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жүгіну ұсынылады.