Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабының
1-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласында аталған санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осы жұмыс шеңберінде Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен
2027 жылға мынадай мөлшерде жұмыс орындарына квота белгіленеді:
· пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін – жұмыскерлерінің жалпы саны 17 075 адамды құрайтын 68 ұйымда 148 жұмыс орны;
· бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар
үшін – жұмыскерлерінің жалпы саны 8 321 адамды құрайтын 27 ұйымда
76 жұмыс орны;
· ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін – жұмыскерлерінің жалпы саны 2 762 адамды құрайтын 6 ұйымда
25 жұмыс орны.
Жұмыс берушінің квотаны орындауы деп жоғарыда аталған азаматтарды мансап орталығының жолдамасының бар-жоғына қарамастан, кемінде бір жыл мерзімге еңбек шартын жасаса отырып, бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруы есептеледі. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15951333