Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 213 «Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын талқылау жөніндегі БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Алматы қаласының әкімдігі «Ашық НҚА» порталында Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 213 «Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы жарияланғанын хабарлайды.
Алматы қаласы мәслихатының шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне, Қазақстан Республикасының
2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII «Цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ қолданыстағы Қағидаларды өзектендіру және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жобаның мақсаты: Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу жөніндегі қолданыстағы Қағидаларды жетілдіру, бейнекамераларды орнатуға және Алматы қаласының бірыңғай бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қойылатын нормативтік және техникалық талаптарды өзектендіру.
Жобада терминологияны нақтылау, оның ішінде «ақпараттық жүйе» ұғымын «цифрлық жүйе» ұғымымен ауыстыру, бейнекамераларды орнатуға қойылатын техникалық талаптар мен бейнежазба параметрлерін түзету, сондай-ақ бет-әлпетті анықтау және тану, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану және ахуалдық аналитика технологияларын қолдануды реттейтін Қағидалардың ережелерін өзектендіру көзделеді.
Сонымен қатар бейнеағындарды қорғалған байланыс арналары арқылы жинауға және беруге қойылатын талаптарды өзектендіру, сондай-ақ бейнеағындарды рұқсатсыз қол жеткізуден және қосылудан қорғауға бағытталған киберқауіпсіздік шараларын нақтылау көзделеді.
Жобаны қабылдау бейнебақылау жүйелеріне қойылатын қолданыстағы талаптарды жетілдіруге, бейнежазба сапасын арттыруға және бейнеаналитика жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және өзге де құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15947492
26