Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы» 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасын талқылау жөніндегі баспасөз хабарламасы
Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Жоба 2026 жылғы 14 қыркүйекте күшіне енген өзгерістерді ескере отырып, Алматы қаласы мәслихатының шешімін «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Қолданыстағы нормативке сәйкес, бір тіркелетін адамға тұрғын үйдің жалпы алаңының кемінде 15 шаршы метрі көзделген. Бұл ретте заңнамада белгіленген нормативтен тыс тіркеуге жол берілетін жағдайлар қарастырылған.
Жобада мұндай жағдайлардың тізбесін тұрғынжайда тіркелген, отбасы мүшелері, жақын туыстары, қамқоршы мен қорғаншы, сондай-ақ жекжаттар санатына жатпайтын адамдар болмаған жағдайда, Алматы қаласында күндізгі бөлімде оқитын студенттермен толықтыру ұсынылады.
Жобаны қабылдау Алматы қаласына білім алу мақсатында келетін студенттерді белгіленген нормативтен тыс тіркеуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық әрі құқықтық тұрғыдан теріс салдарға әкеп соқпайды.
«Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15941235 сілтемесі бойынша өтіп, жоба талқылауына қатысуға шақырамыз.
40