Мемлекеттік құпияны қорғау бөлімі туралы ереже

Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерін ұйымдастыру, жұмыс істеу және тарату ережелері

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі Нұсқаулығын басшылыққа алады және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерін ұйымдастыру, жұмыс істеу және тарату тәртібін айқындайды.

3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізуге және (немесе) қызметтер көрсетуге байланысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

Рұқсат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 484 қаулысымен бекітілген (2021 жылғы 29.11. № 845 өзгертулермен) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалануға, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізуге және (немесе) қызметтер көрсетуге байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін ұйымдарға арнайы сараптама жүргізу және олардың басшыларын аттестаттау ережелерінде айқындалған тәртіппен жүргізілетін ұйымдарға арнайы сараптама және басшыларды аттестаттау нәтижелері бойынша беріледі.

 

Жарияланған күні

23 қазан 2026 17:21

Жаңарту күні

23 қазан 2026

Түрі