Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қазандағы № 4/636-1718 қаулысы Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қазандағы № 4/636-1718 қаулысы Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралы
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 21 қазандағы № 4/636-1718 қаулысы
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскелерін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес, «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 38.2-38.09/1456-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ортақ пайдаланудағы объектілердің құрылысы (балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының аумағын кеңейту және жолды ұйымдастыру) үшін Алматы қаласы Бостандық ауданы, Манас көшесі, 34а мекенжайында орналасқан жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
2. Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі №3/370-518 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысының күші жойылсын.
3. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
32