Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қазандағы № 4/636-1714 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 21 қазандағы № 4/636-1714 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 27.1-27.09/560-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу үшін Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағын ауданында орналасқан 13 (он үш) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 602-кабинет болып белгіленсін.
4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қала жер орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 21 қазандағы
№ 4/636-1714 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с№ |
Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
1. |
Ауганбаев Жасулан Конысбаевич
|
20-317-104-1088 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 9 |
жалпы – 0,0472 иеліктен шығарылатын ауданы- 0,0133 |
|
2. |
Богословская Юлия Борисовна |
20-317-104-111 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 2 учаске |
жалпы – 0,0600 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0170 |
|
3. |
Жиенабаева Айгуль Курмангалиевна |
20-317-104-127 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 26 |
жалпы – 0,0600 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0073 |
|
4. |
Знатнова Рашида Рашитовна Знатнов Владимир Иванович |
20-317-104-135 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 25 |
жалпы – 0,0600 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0090 |
|
5. |
Ангаров Рахмятжан Мажитович Ангарова Зульфиям Октябровна |
20-317-104-663 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 358/12 учаске |
жалпы – 0,2328 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0486 |
|
6. |
«Xelena и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-317-104-781 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 338/1 учаске |
жалпы – 3,2467 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0836 |
|
7. |
Сейл Айдана Әділханқызы |
20-317-104-748 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 643/39
|
жалпы – 0,0600 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0114 |
|
8. |
Мойдақ Сейсенбай |
20-317-104-761 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 643/38 |
жалпы – 0,0600 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0032 |
|
9. |
Товарищество с ограниченной ответственностью «Xelena и Ко» |
20-317-104-1141 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 500 учаске |
жалпы – 1,1953 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,1311 |
|
10. |
Борщенко Галина Александровна |
20-317-104-032 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 37 учаске |
жалпы – 0,0790 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0224 |
|
11. |
Борщенко Галина Александровна |
20-317-104-036 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 38 учаске |
жалпы – 0,0900 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0139 |
|
12. |
Борщенко Галина Александровна |
20-317-104-049 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 41 учаске |
жалпы – 0,0800 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0275 |
|
13. |
Бижанов Мейрбек Багдатович |
20-317-104-769 |
Д.А.Қонаев атындағы тұтыну кооперативі, 643/1 учаске |
жалпы – 0,0600 иеліктен шығарылатын ауданы– 0,0167 |
_________________________________
69