«Бақытты отбасы» орталығы жобасы
Алматы қаласында «бір терезе» қағидаты бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» қалалық және 8 аудандық орталығы (бұдан әрі – Орталық) жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда Орталықта 11 026 адам тіркелген.
Бұл орталықтың негізгі мақсаты көпбалалы отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, Алматы қаласында тұратын қиын өмірлік жағдайдан шығу үшін азаматтардың экономикалық дербестігі мен жеке уәждемесін нығайту болып табылады.
Орталық көпбалалы отбасылардан шыққан мәдени-бұқаралық ата-аналар мен балаларды ұйымдастыруға, отбасы мүшелерінің бос уақытын өткізу, коммуникация және шағын бизнесті ұйымдастырудың қосымша дағдыларына үйрету үшін инфрақұрылым құруға, ішінара өзін-өзі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, заңдық және психологиялық консультацияларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қаулыға сәйкес, «Бақытты отбасы» 9 бөлімшесі Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне берілді.
Осыған орай, бүгінгі күні Басқарма «Бақытты отбасы» бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді.