«Жарқын өмір» жобасы

«Жарқын өмір» жобасы Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен 2022 жылдың қыркүйегінде өз қызметіне кірісіп,384 адам қамтылды.

2023 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Жарқын өмір» жобасы жұмыс істейді. «Бірге – 2021» ҚҚ-мен шарт жасалды. Жыл соңына дейін 480 адамды қамту жоспарланған.

Жыл басынан 396 аз қамтылған, толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, аз қамтылған, жалғыз тұратын зейнеткерлер және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да өкілдеріне өзін-өзі бағалауын дамыту, агрессивтілік, мазасыздық деңгейін төмендету, өз эмоцияларын түсіну және білдіру қабілетін, қарым-қатынас құралдарының арсеналын арттыру және басқалармен өнімді қарым-қатынасты қалыптастыру, отбасылық дәстүрлерді дамыту және «нақты отбасылық өмір ережелерін» білу және өмір сапасын жақсарту бойынша кешенді көмек көрсетілді.