«Жаңа өмір» жобасы

«Жаңа өмір» жобасы Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен 2022 жылдың қыркүйегінде өз қызметіне кірісіп, 156 адам қамтылды.

2023 жылғы 13 қаңтарда «РЕВАНШ» әлеуметтік көмек Қоры», «Жаңа өмір» жобасының қызметін іске асыру бойынша шарт жасалды, жыл соңына дейін 360 адам жоспарланған.

Жобаның мақсаты – қызмет алушыларды отбасы мен қоғамға әлеуметтендіру және интеграциялау процесіне жәрдемдесу, қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы ерекше тәуекел тобындағы балалары бар әйелдердің өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту.

Жобаның мақсатты тобы:

  • Ерекше тәуекел тобындағы әйелдер (бұрын есірткі қолданатын, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан, АИТВ-ның оң мәртебесі бар әйелдер);
  • Ерекше қауіп тобындағы әйелдердің балалары: (1 айдан 18 жасқа дейін);
  • Балалар үйлері мен интернаттардың түлектері.

«Бір терезе» қағидаты бойынша іске асырылып жатқан жобадағы қызметтер кешені әйелдің де, оның баласының да жан-жақты дамуына, жаңа өмір бастау қабілетіне, ерте жетімдіктің, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдеседі. Сондай-ақ барлық әлеуметтік бағдарламаларға қатысуға және ресми жұмысқа орналасуға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Жоба келесі қызметтерді көрсетеді:

Әлеуметтік-құқықтық: тіркеуді ресімдеуге, құжаттауға жәрдемдесу

Әлеуметтік-медициналық: емханаға тіркелу, өмірлік маңызды препараттарды қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Әлеуметтік-тұрмыстық: уақытша тұру қызметтері

Әлеуметтік-еңбек: жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, проф. бағдарлау курстары, «Добродея» инелер клубы, орталық базасында

Әлеуметтік-психологиялық: психологиялық кеңес беру, психо-эмоционалды стрессті жеңілдету.

Қызмет алушыларды айына кемінде 30 адам қамту, оның ішінде ұзақтығы 3 айдан 6 айға дейін тұратын 12 адам (төсек-орын).

Кезең Жоспар бойынша (адам)
2022 жыл 156
2023 жыл 360