«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы  

«Тәуелсіз өмір мектебі» әлеуметтік жобасы қалалық Үздік әлеуметтік жобалар байқауында I орын және 2019 жылғы 1 қарашада Нұр - сұлтан қаласының Тәуелсіздік сарайында өткен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» VII Республикалық көрмесінде II орын алды.

«Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, 22.09.2020ж. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен «Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы басталды. 2020-2022 жылдан баспап мүгедектігі бар 380- астам адам қызмет алды.

2023 жылы 12 қаңтардан бастап «Шырақ» ҚБ-мен шарт жасалды, жыл соңына дейін ерекше қажеттіліктері бар 192 адамды қамту жоспарланып отыр.

Жобаның мақсаты: өз мүмкіндіктерін білмеу және/немесе отбасы тарапынан гиперқамқорлық салдарынан қоғамнан оқшауланған мүгедектігі бар адамдарды қолдау. Мүгедектікке байланысты қорқыныш пен сенімсіздікті жеңу, өзін-өзі бағалауды арттыру және мақсат қою және өз өмірін жоспарлау дағдыларын қалыптастыру.

(Әлеуметтік жобаның мекенжайы: «Тәуелсіз өмір мектептері»: Жандосов көшесі, 10 үй.)

Тәуелсіз өмір мектебінің ерекшелігі-мүгедектігі бар, солмәселелерді жеңген және мектеп қатысушылары үшін сәтті рөлдік модельдер болып табылатын адамдар жаттықтырушы болып табылады.

Тәуелсіз өмір мектебін оқығаннан кейін:

- оқу орнына 11 қатысушы түсті;

- отбасылар құрды, балалар туды (6 отбасы (24 адам);

- жұмысқа орналасты / өз бизнесін құрды (52 қатысушы).

 

«Тәуелсіз өмір мектебі» әлеуметтік жобасы

Кезең  Жоспар бойынша (адам)
2020 жыл 64
2021 жыл 128
2022 жыл 194
2023 жыл 192