«Шыңға өрлеу» Әлеуметтік жобасы
2019 жылы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» VII республикалық көрмесінде (елдің 226 әлеуметтік жобасы арасында) «Шыңға өрлеу» әлеуметтік жобасы II-ші орын алды. Алматы қаласында жоба 2020 жылы басталды.
Осы тиімді жоба 2020-2022 жылдан баспап аз қамтылған отбасылардан шыққан 5000-нан астам 1 - 4 сынып оқушыларын қамтыды.
Бүгінгі күні, Алматы қаласының 8 ауданында 15 «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубының бөлімшелері қызмет атқаруда. Бұл ұрпақтар ынтымағы жарасқан қаладағы маңызды әлеуметтік жоба. Есептік кезеңде 2 646 баланы тегін қосымша біліммен қамтып (2023 жылдың соңына дейін жоспары бойынша 3502 бала қамтылады), сондай-ақ 232 аға буын өкілдері - белсенді зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар, бала кезінен мүгедектердің қамқоршылары жобаны жүзеге асыруға қатысады. Жыл басынан барлығы 362 адам жұмысқа орналастырылды.
Шарт «Шыңға өрлеу» ҚҚ, «Асыл дария» ҚҚ және «LIFE TIME M» ҚБ-мен жасалды.
Балалардың клубта болуы кезінде барлық негізгі мектеп пәндері (математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, IT - технология) бойынша үй тапсырмасын дайындауда кәсіби көмек қана емес, сонымен қатар спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерде: Сауықтыру дене шынықтыру, сәндік-қолданбалы өнер, шахмат, хореография, музыка, домбыра, сахна шеберлігі және т. б.
| Кезең | Жұмысқа орналастырылғандар саны | Жоспар бойынша бала саны |
| 2020 жыл | 102 | 964 |
| 2021 жыл | 235 | 2 120 |
| 2022 жыл | 252 | 2 444 |
| 2023 жыл | 362 | 3 502 |
Алматы қаласы әкімдігінің функцияларын орталықсыздандыруға байланысты «Алматы қаласы мәслихатының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» XII сайланған «Алматы қаласы мәслихатының XXXI-сессиясының шешімін іске асыру туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №4/718 қаулысына(бұдан әрі - Қаулы) өзгерістер енгізу туралы Алматы қаласы әкімінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 1/182 қаулысының негізінде 2023 жылғы 30 наурызда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының 15 бөлімшесі Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне берілді.
Бүгінгі күні Басқарма «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді.