Жиі қойылатын сұрақтар
Зейнеткерлік жастағы адамдарға және жалпы үлгідегі мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Стандартқа (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
Стандарттың 5-тармағына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге (бұдан әрі – АӘҚ) мұқтаж деп танылған адамдар АӘҚ кепілдік берілген көлемін алу үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтініш береді. Ол үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:- Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша қызмет алушының өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе сәйкестендіру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген цифрлық құжаттар сервисіндегі оның электрондық нұсқасы;
- Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзіндісі бар медициналық карта.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында стационар жағдайында АӘҚ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты АӘҚ-қа мұқтаж I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға және зейнеткерлік жасқа жеткен қарт адамдарға (Қазақстан Республикасының аумағында тұратын еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары болмаған жағдайда) «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы» медициналық-әлеуметтік мекемесінде көрсетіледі. Мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру қағидаларына сәйкес тұруға медициналық қарсы көрсетілімдерге туберкулездің белсенді сатысы, мінез-құлық пен мүдделердің өрескел бұзылуымен және/немесе өзіне және/немесе айналасындағыларға қауіп төндіретін жедел психоздық симптомдармен (сандырақ, галлюцинациялар) қатар жүретін психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, әртүрлі этиологиядағы құрысу синдромдары (деменциясыз және айқын тұлғалық өзгерістерсіз, сирек ұстамалары бар – 2–3 айда бір реттен жиі емес нысандарды қоспағанда), карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың инфекциялық аурулары, венерологиялық аурулар, АИТВ/ЖИТС, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы жатады.
Балаларға және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жалғызбасты қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Стандартқа (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында үйде қызмет көрсету жағдайында АӘҚ балаларға және I және II топтағы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға «Аяла және Парасат» әлеуметтік қызметтер орталығы» медициналық-әлеуметтік мекемесінде және Алматы қаласы әкімінің аудандық аппараттарында көрсетіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі – АӘҚ) кепілдік берілген көлемін алу үшін Стандарттың 5-тармағына сәйкес тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш беру қажет:
- Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша қызмет алушының өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзіндісі бар медициналық карта;
- балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;
- мүгедектікті белгілеу туралы құжат;
- жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы (ЖАОБ);
- он сегіз жастан асқан адамдар үшін – адамды әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайда сот шешімі туралы құжат (бар болған жағдайда).
Мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Стандартқа (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
Стандарттың 5-тармағына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге (бұдан әрі – АӘҚ) мұқтаж деп танылған адамдар АӘҚ кепілдік берілген көлемін алу үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтініш береді. Ол үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш;
туу туралы куәліктің көшірмесі;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
- мүгедектігі бар адамның жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасынан үзінді (егде жастағы адамдар үшін талап етілмейді);
- он сегіз жастан асқан адамдар үшін – адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
- зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәліктің көшірмесі;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға – Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедектігі бар қатысушысы және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында стационар жағдайында АӘҚ мүгедектігі бар балаларға «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығында, сондай-ақ 18 жастан асқан I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға «Алатау» әлеуметтік қызметтер орталығында және «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығында көрсетіледі.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады. Түпнұсқалармен салыстырылғаннан кейін көшірмелері қайтарылады.
Жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы (ЖАОБ) медициналық-әлеуметтік сараптаманың аумақтық бөлімшесімен медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша әзірленеді. Қажет болған жағдайда ЖАОБ-ға тиісті әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде үйде, стационар және жартылай стационар жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) тіркелеген тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық әкім аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе мемлекеттік корпорацияға осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден
Санаторий-курорттық емдеу мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бар адамның абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына (АОЖБ) сәйкес, медициналық көрсетілімдер болған және қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда көрсетіледі.
Қызметті алу үшін Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тапсырысты рәсімдеу қажет. Қызмет алушы Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген өнім берушілердің арасынан санаторий-курорттық ұйымды өз бетінше таңдайды.
Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 100 шешімімен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесінің негізінде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін көрсетеді Бұл көмек жоғарыда аталған қызметтерді төлеуге арналған шығындар отбасы бюджетінің жалпы табысының 5 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) отбасының табысын растайтын құжаттар;
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
6) банктік шоты;
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығын тоқсан сайын растайды. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 100 шешімімен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесінің негізінде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін көрсетеді Бұл көмек жоғарыда аталған қызметтерді төлеуге арналған шығындар отбасы бюджетінің жалпы табысының 5 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) отбасының табысын растайтын құжаттар;
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
6) банктік шоты;
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 120-бабына сәйкес, егер отбасының бір мүшесіне шаққандағы табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% (52 642 теңге) аспаған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша тіркелген аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) көрсетіледі. Бір адамға АӘК мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мен жан басына шаққандағы орташа табыстың 70% арасындағы айырмашылықты құрайды. Алматы қаласы бойынша 2026 жылдың 1 тоқсанына ең төменгі күнкөріс деңгейі
75 203 теңгені құрайды.
АӘК көрсету отбасының еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшелерінің мұқтаждығын бағалаумен және жұмысқа орналастырылған жағдайда жүзеге асырылады.
Аз қамтылған азаматтарды, оның ішінде Алматы қаласында тұратын және тіркелген зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында, Алматы қаласының мәслихаты 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің қағидаларын бекіту, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, Алматы қаласы бойынша жылына екі рет 3,5 айлық есептік көрсеткіш (15 138 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Аталған әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы үш ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтардың мынадай санаттарына беріледі:
– зейнеткерлік жасқа жеткен зейнеткерлерге;
– созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын I топтағы мүгедектігі бар адамдарға.
Әлеуметтік көмектің осы түрін тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Алматы қаласы аудандық әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (мекенжайлары www.gov.kz сайтында орналастырылған) мынадай құжаттарды қоса тіркеп, өтініш беру қажет:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер.
Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға Алматы қаласының мәслихаты 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің қағидаларын бекіту, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, қиын өмірлік жағдай туындаған кезде 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Аталған әлеуметтік көмек орташа жан басына шаққандағы табысы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға тағайындалады.
Әлеуметтік көмектің бұл түрін алу үшін тұрғылықты жері бойынша аудан әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегі құжаттарды қоса тіркеп, өтініш беру қажет:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
- қиын өмірлік жағдайдың туындауын растайтын акт және/немесе құжат.