Кресло-арбаларды жөндеу орталығы
2022 жылдан бастап Алматы қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау үшін (23.12.2021 ж. №2021-418,1) Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбаларды жөндеу бойынша тегін орталық жобасы іске асырылуда.
2024 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбаларды жөндеу орталығы жобасын іске асыруды жалғастыру жоспарлануда. 2024 жылға жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен жылына кемінде 600 қызмет көрсетуге 32 771 мың теңге бөлінді.
Орталықтың мақсаты - мүгедектігі бар адамдарды әртүрлі үлгідегі кресло-арбаларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша тегін қызметтермен қамтамасыз ету
Орталықтың міндеттері:
-кресло-арбаларды жөндеу;
-кресло-арбалардағы бөлшектерді ауыстыру;
- кресло-арбаларға техникалық қызмет көрсету.
26 желтоқсан 2023 15:10
26 желтоқсан 2023
31 қаңтар 2024