2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат
|
|
1-қосымша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау қағидаларына |
|
|
Форма |
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1. |
«Тәуелсіз өмір мектебі» әлеуметтік жоба |
124 098
|
Қалалық «Ең үздік әлеуметтік жобалар» байқауында І орын, VII Республикалық көрмесінде «Қазақстанның ең үздік әлеуметтік жобалар» байқауында ІІ орын алды. |
Мүгедектігі бар тұлғалар |
«Мүгедектігі бар тұлғаларға арналған Тәуелсіз Өмір мектебі» мүгедектігі бар адамдарға өзін-өзі жүзеге асыруда, әлеуметтік-мәдени бейімделуде кешенді көмек көрсетеді, психоэмоционалдық шиеленістің алдын алуға және төмендетуге, өзін-өзі оң бағалауды дамытуға, агрессия мен уайым деңгейін азайтуға, өз эмоцияларын түсініп, білдіруге үйретеді. Бұл әлеуметтік жоба мотивация процесінде мүгедектігі бар адамдарға тәуелсіз өмір сүру дағдыларын игеруге, өзін-өзі бағалауды арттыруға, қорқыныш пен сенімсіздікті жеңуге, өмірін жоспарлау және шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Жоба мүгедектігі бар тұлғалар мен олардың отбасы мүшелері арасында әлеуметтік белсенділіктің төмендігі мен тәуелділіктің өсуі мәселесін шешуге бағытталған. |
|
2. |
«Isker isi» әлеуметтік жоба |
51 855
|
Үкіметтік емес ұйымдар және қоғамның сұранысы |
Халықтың әлеуметтік осал топтары |
Банктік жүктемені азайту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, несие бойынша жеңілдікті төлем кестелерін құрастыру, банк шоттарынан аресттерді алу. |
|
3. |
«Жаңа өмір» әлеуметтік жоба |
26 846
|
Үкіметтік емес ұйымдар және қоғамның сұранысы |
Ерекше тәуекел тобына жататын әйелдер (бұрын есірткі қолданған, жазалаушы мекемелерден шыққан, АИТВ оң нәтижелі мәртебесі бар әйелдер) |
Заңгер кеңестері (құжаттарды рәсімдеуге көмек, уақытша тіркеу және басқа да құқықтық қызметтер), құқықтарды қорғау, әйелдерге арналған тұлғалық даму тобына психологиялық қолдау көрсету. |
|
4. |
«Әлеуметтік интеграция орталығы» әлеуметтік жоба |
94 495
|
Үкіметтік емес ұйымдар және қоғамның сұранысы |
10 жастан және одан жоғары мүгедектігі бар адамдар |
Мүгедектігі бар адамдарды қазіргі заманғы шығармашылық тәжірибелердің коммуникациялық мүмкіндіктері арқылы әлеуметтік бейімдеу, олардың қабілеттерін тең қолжетімділік пен инклюзия негізінде дамыту. Көркем сурет, актерлік және жазушылық өнер, музыка және т.б. салалардағы қазіргі заманғы шығармашылық мамандықтар туралы білім алу. |
|
5. |
«Жарқын Өмір» әлеуметтік жоба |
77 073
|
Үкіметтік емес ұйымдар және қоғамның сұранысы |
Алматы қаласында тұрақты тұратын, аз қамтылған, толық емес отбасылардан, мүгедек балалары бар отбасылардан және басқа да әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар |
Психоэмоционалдық шиеленісті төмендету, позитивті өзін-өзі бағалауды дамыту, агрессия мен уайым деңгейін азайту, өзін-өзі талдау және ата-аналардың тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық құзыреттілігін арттыру, қоғамдағы тиімді коммуникация дағдыларын дамыту және отбасы дәстүрлерін тиімді қалыптастыру және т.б. |
|
6. |
«Иппотерапия» әлеуметтік жоба — 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға арналған бейімделген ат спорты. |
50 076
|
Үкіметтік емес ұйымдар және қоғамның сұранысы |
18 жасқа дейінгі мүгедек балалар — психоневрологиялық бұзылыстары бар, ақыл-ойы дамуының тежелуі, опорно-қозғалыс аппаратының бұзылыстары, соның ішінде балалар церебральды сал ауруы, Даун синдромы, аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалар |
Физикалық жағдайдың жақсаруы байқалады, ашушаңдықтың төмендеуі, эмоционалды тұрақтылық пен назарды шоғырландырудың артуы. Икемділік пен төзімділіктің жақсаруы, қозғалыстар үйлесімділігі мен тепе-теңдіктің дамуы, ірі және ұсақ моториканың жетілуі. Екі жартышардың өзара әрекеттесуінің белсенденуі, ұжымдық жұмыс дағдыларының дамуы. Ата-аналардағы эмоционалдық және психологиялық кернеудің төмендеуі; Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды адаптивті спортқа тарту, чемпионаттарға қатысу және болашақта Паралимпиада ойындарына қатысу перспективасы. |
|
7. |
«Инватакси» мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызмет әлеуметтік жобасы |
1 670 187 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығына сәйкес, инватакси қызметтерінің ақысы жергілікті атқарушы органдармен автомобиль көлігінің нақты жұмыс уақытына (машина-сағатпен өлшенеді) байланысты төленеді, бірақ бір автокөлік құралына тәулігіне кемінде 10 машина-сағаттан аз болмауы тиіс. |
Мүгедектігі бар адамдар |
Мүгедекігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, жоғалған функцияларды қалпына келтіру немесе өтеу. |
|
8. |
«Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбаларды жөндеу орталығы» әлеуметтік жобасы
|
45 625 |
Алматы қаласы әкімінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №2021-418,1 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбаларды жөндеу орталығын іске асыру мәселесін қарау бойынша 2022 жылдан бастап кресло-арбаларды жөндеу орталығы жұмыс істейді. |
Мүгедектігі бар адамдар |
Мүгедектігі бар адамдарды әртүрлі үлгідегі кресло-арбаларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша тегін қызметтермен қамтамасыз ету. |
«__» 20____ жылғы жағдай бойынша
12 тамыз 2025 11:50
12 тамыз 2025
12 тамыз 2025