2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалардың жоспарланған тақырыптары

 

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

2025 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.

«Тәуелсіз өмір мектебі»

 

132 662

 

«Үздік әлеуметтік жобалар» қалалық байқауында 1 орын және «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» VII республикалық көрмесінде II орын алды.

 

Мүгедектігі бар адамдар

«Мүгедектерге арналған Тәуелсіз өмір мектебі мүгедектігі бар адамдарға өзін-өзі жүзеге асыруда, әлеуметтік-мәдени бейімделуде, психоэмоционалды шиеленістің алдын алуда және төмендетуде, өзін-өзі оң бағалауды дамытуда, агрессивтілік, мазасыздық деңгейін төмендетуде, өз эмоцияларын сезіне және білдіре алуда кешенді көмек көрсетеді

Бұл әлеуметтік жоба мотивация процесінде мүгедектерге тәуелсіз өмір сүру дағдыларын алуға және өзін-өзі бағалауды арттыруға, қорқыныш пен сенімсіздікті жеңуге, өз өмірінде жоспарлау және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді Мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасы мүшелері арасында әлеуметтену мен белсенділіктің төмендігі, тәуелділіктің өсуі мәселесін шешеді.

2.

«Isker isi»

54 334

ҮЕҰ ұсынысы және қоғамның сұранысы

Халықтың әлеуметтік осал топтары

Банк жүктемесін төмендету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, несиелерді өтеудің жеңілдікті кестелерін жасау, банк шоттарынан бұғаттауды алып тастау

3.

«Жаңа өмір»

30 446

ҮЕҰ ұсынысы және қоғамның сұранысы

Ерекше тәуекел тобындағы әйелдер (бұрын есірткі қолданатын, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан, АИТВ оң мәртебесі бар әйелдер)

Заңгердің консультациясы (құжаттарды ресімдеуге, уақытша тіркеуге және басқа да заң қызметтеріне көмек көрсету) құқықтарды қорғау, әйелдерге арналған жеке даму тобына психологиялық қолдау көрсету

4.

 «Әлеуметтік интеграция орталығы»

102 304

ҮЕҰ ұсынысы және қоғамның сұранысы

10 жастан асқан және интеллектісі бұзылмаған мүгедектігі бар адамдарға арналған

Мүгедектігі бар адамдарды заманауи шығармашылық тәжірибелердің коммуникациялық мүмкіндіктері арқылы әлеуметтендіру, тең қолжетімділік пен инклюзия негізінде олардың қабілеттерін дамыту. Бейнелеу өнері, актерлік және жазушылық шеберлік, музыка және т. б. саласындағы заманауи шығармашылық мамандықтар туралы білім алу

5.

«Жарқын Өмір»

123 510

ҮЕҰ ұсынысы және қоғамның сұранысы

Алматы қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған, толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және ХӘОТ басқа да өкілдері

Психоэмоционалды шиеленісті төмендету, позитивті өзін-өзі бағалауды дамыту, агрессивтілік деңгейін төмендету, мазасыздық, өзін-өзі талдау және ата-аналардың тәрбие мәселелеріндегі психологиялық құзыреттілігін арттыру, қоғамда тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту және отбасылық дәстүрлерді тиімді құру т. б.

6.

Иппотерапия психоневрологиялық аурулары бар 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған адаптивті ат спорты

 

50 073

ҮЕҰ ұсынысы және қоғамның сұранысы

Психоневрологиялық аурулары бар, ақыл-есі кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, оның ішінде балалардың церебралды сал ауруы, Даун синдромы, аутизм спектрінің бұзылуы бар 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар

Мүгедектігі бар адамдарды атқа міну арқылы психофизикалық абилитациялау және оңалту.

7.

«Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін қолжетімділік мәніне қалалық инфрақұрылым объектілерін түгендеу»

179 960

«Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» іске асыру Жол картасының шеңберінде «Алматыда инклюзивті орта құру» бөлімінің 3.1.4-тармағы бойынша, Мемлекеттік объектілерді одан әрі бейімдеумен паспорттауды жүргізу 

Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін (мүгедектігі бар адамдар, қарт адамдар және т.б.)

Бейімделуді одан әрі қамтамасыз ете отырып, халықтың қозғалысы шектеулі топтарының барлық санаттары үшін қалалық инфрақұрылымның қолжетімділік деңгейін анықтау

8.

 «Инватакси» Қызметі

1 502 986

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м. а. 2013 жылғы 1 қарашадағы

№ 859 бұйрығы

 

Тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар және аутист балалар

Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, жоғалған функцияларды қалпына келтіру немесе өтеу.

9.

Кресло-арбалар жөндеу орталығы

51 842

Алматы қаласы әкімінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмасы

Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар.

Мүгедектігі бар адамдарды әртүрлі үлгідегі кресло-арбаларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша тегін қызметтермен қамтамасыз ету

10.

Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

1 211 304

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, Даун синдромы бар балаларға, мүгедектігі бар балаларға және этиологиясы әртүрлі деменциясы бар 18 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ психоневрологиялық аурулармен, мидың органикалық зақымдануынан кейін деменция аурулары бар 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, зейнеткерлік жастағы адамдарға, артериялық гипертензия (3-ші дәрежеге дейін және 3-ші тәуекелге дейін) және жеңіл дәрежедегі когнитивті бұзылулар болған кездегі есте сақтау қабілетін қалпына келтіру үшін жаттықтырулар.

Жартылай стационар жағдайында коммуникативтік әлеуетті арттыру мақсатында әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-құқықтық қызметтер, көрсетілетін қызметтер кешенін қамтитын жартылай стационарлық нысандағы әлеуметтік қызмет көрсету.

 

11.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

12 473

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына заңгерлік және психологиялық бетпе-бет кеңес беру, қоғамда зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, уақытша тұру үшін қауіпсіз жағдайлар жасау, әлеуметтік қызметтердің 8 түрін ұсыну.

12.

Өз бетінше тұруға арналған сыйымдылығы шағын үй

104 957

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес.

Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер.

Стационарлық жағдайда коммуникативтік әлеуетті арттыру мақсатында әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-құқықтық қызметтер, көрсетілетін қызметтер кешенін қамтитын әлеуметтік қызмет көрсету.

 

      2024 жылғы «21» тамыз жағдайы бойынша

Жарияланған күні

21 тамыз 2024 11:44

Жаңарту күні

21 тамыз 2024

Срок публичного обсуждения

04 қыркүйек 2024