2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

 

1-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты

қалыптастыру, оның іске асырылуына

мониторинг жүргізу және нәтижелерін

бағалау қағидаларына

 

Нысан

2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланып отырған тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланып отырған тақырыбы

Жоспарланып отырған қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзін көрсете отырып негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

18 жасқа дейінгі өзіне-өзі қызмет көрсету және өз мінез-құлқын бақылау қабілеті екінші және үшінші дәрежеде шектелген ауыр және айқын психикалық бұзылыстары бар мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ Даун синдромы диагнозы бар балаларға арналған «Инватакси» көлік қызметі

487 253 000,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген «Инватакси» қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың көлік қызметтеріне қажеттілігін талдау, статистикалық деректер, азаматтардың өтініштері және көрсетілетін қызметті мониторингтеу нәтижелері негізінде қалыптастырылды.

18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар

Мүгедектігі бар балаларды білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және оңалту ұйымдарына тасымалдау қызметтері көрсетілді. Қажетті қызметтерге қауіпсіз әрі уақтылы қолжетімділік қамтамасыз етілді. Балалардың қозғалу мүмкіндігі арттырылып, отбасыларға түсетін жүктеме азайтылды. Әлеуметтік нәтиже балалардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоғамға кірігу деңгейін арттыру арқылы көрініс тапты.

2

Көру қабілеті бұзылған 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған «Инватакси» көлік қызметі

274 059 000,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген «Инватакси» қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың көлік қызметтеріне қажеттілігін талдау, статистикалық деректер, азаматтардың өтініштері және көрсетілетін қызметті мониторингтеу нәтижелері негізінде қалыптастырылды.

18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар

 

Қызмет алушыларды әлеуметтік маңызы бар объектілерге, жұмыс орындарына, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарына тұрақты түрде тасымалдау қамтамасыз етілді. Қоғамдық өмірге дербес қатысу үшін жағдай жасалды. Әлеуметтік нәтиже көру қабілеті бұзылған адамдардың қызметтерге қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік белсенділік мүмкіндіктерін кеңейту арқылы көрініс тапты.

3

Көру қабілеті бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған «Инватакси» көлік қызметі

243 423 000,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген «Инватакси» қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың көлік қызметтеріне қажеттілігін талдау, статистикалық деректер, азаматтардың өтініштері және көрсетілетін қызметті мониторингтеу нәтижелері негізінде қалыптастырылды.

18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар

 

Көру қабілеті бұзылған балаларды білім беру, денсаулық сақтау және оңалту ұйымдарына мамандандырылған тасымалдау ұйымдастырылды. Қауіпсіз жүріп-тұру жағдайлары және қажетті қызметтерді уақтылы алу қамтамасыз етілді. Әлеуметтік нәтиже білімге қолжетімділікті арттыру және балалардың әлеуметтік бейімделуін жақсарту арқылы көрініс тапты.

4

Тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған «Инватакси» көлік қызметі

308 475 000,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген «Инватакси» қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың көлік қызметтеріне қажеттілігін талдау, статистикалық деректер, азаматтардың өтініштері және көрсетілетін қызметті мониторингтеу нәтижелері негізінде қалыптастырылды.

18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мамандандырылған көлікпен тасымалдау қызметтері көрсетілді. Білім алуға, медициналық көмекке және оңалту іс-шараларына қолжетімділік қамтамасыз етілді. Әлеуметтік нәтиже балалардың қоғамдық өмірге толыққанды қатысуына жағдай жасау және әлеуметтік оқшаулануды төмендету арқылы көрініс тапты.

5

Тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған «Инватакси» көлік қызметі

315 099 000,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген «Инватакси» қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың көлік қызметтеріне қажеттілігін талдау, статистикалық деректер, азаматтардың өтініштері және көрсетілетін қызметті мониторингтеу нәтижелері негізінде қалыптастырылды.

18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту ұйымдарына мамандандырылған тасымалдау қызметтері көрсетілді. Қоғамдық қызметтердің қолжетімділігі және қызмет алушылардың дербестік деңгейі арттырылды. Әлеуметтік нәтиже мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоғамға кірігуін күшейту арқылы көрініс тапты.

6

«Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбаларды жөндеу орталығы»

38 376,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі мүгедектігі бар адамдардың кресло-арбаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша өтініштерін талдау негізінде қалыптастырылды.

Мүгедектігі бар адамдар

Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбаларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу орталығының жұмысы ұйымдастырылды. Оңалтудың техникалық құралдарына диагностика, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, олардың үздіксіз пайдаланылуы қамтамасыз етілді. Әлеуметтік нәтиже мүгедектігі бар адамдардың қозғалу мүмкіндігін, дербестігін арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту арқылы көрініс тапты.

7

Әлеуметтік жоба "Школа независимой жизни"

115 979,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің санаттарына жататын Алматы қаласы тұрғындарының көпшілік өтініштері негізінде қалыптастырылды.

Өз бетінше өмір сүру және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары жеткіліксіз, әлеуметтену деңгейі төмен және бөгде адамдардың көмегіне психологиялық тәуелділігі жоғары мүгедектігі бар адамдар

Әлеуметтік жоба мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасыларына өзін-өзі жүзеге асыруға және әлеуметтік-мәдени бейімделуге кешенді көмек көрсетуге, психоэмоционалдық шиеленістің алдын алуға және төмендетуге, жағымды өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға, агрессия мен мазасыздық деңгейін төмендетуге, өз эмоцияларын түсіну және білдіру дағдыларын дамытуға, әлеуметтену деңгейін арттыруға және қиын өмірлік жағдайларды еңсеруге бағытталған.

 

 

 

8

Әлеуметтік жоба "Жаңа өмір"

25 090,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің санаттарына жататын Алматы қаласы тұрғындарының көпшілік өтініштері негізінде қалыптастырылды.

- Ерекше қауіп тобына жататын әйелдер (бұрын есірткі қолданған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, АИТВ-оң мәртебесі бар әйелдер);

-          - Ерекше қауіп тобына жататын әйелдердің балалары (туған сәттен бастап 18 жасқа дейін);

Әлеуметтік жоба ерекше қауіп тобына жататын және өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдердің өмір сүру сапасын арттыруға, қызмет алушылардың отбасы мен қоғамға әлеуметтенуі және кірігуіне жәрдемдесуге, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып қызметтер көрсетуге, сондай-ақ қызмет көрсету жүйесін дамытуға бағытталған.

9

Әлеуметтік жоба "Isker isi"

48 463,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің санаттарына жататын Алматы қаласы тұрғындарының көпшілік өтініштері негізінде қалыптастырылды.

- Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- Көпбалалы отбасылар;

- Мүгедектігі бар адамдар;

- Жалғыз тұратын зейнеткерлер;

- Толық емес отбасылар;

- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің санаттарына жататын отбасылардан шыққан студенттер мен мектеп оқушылары;

- Пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар.

Жоба «бір терезе» қағидаты бойынша құқықтық және қаржылық сауаттылық мәселелері бойынша кешенді консультациялық көмек көрсетуге бағытталған. Қазақстан Республикасының банктерінен тұрғын үй сатып алуға немесе кәсіпкерлікті дамытуға кредит рәсімдеген халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан проблемалық қарыз алушылардың борыштық міндеттемелері мен жұмыспен қамтылу мәселелерін шешуге, сондай-ақ адал емес микроқаржы ұйымдары мен қаржы пирамидаларының әрекетінен зардап шеккен салымшыларға қолдау көрсету көзделген. Жобаны іске асыру нәтижесінде азаматтардың қаржылық жағдайын жақсарту, олардың толыққанды өмір сүруіне, еңбек етуіне және отбасына әрі қоғамға пайда әкелуіне жағдай жасалып, салық төлеушілер санының артуына оң серпін қалыптастырылады.

10

Әлеуметтік жоба «Центр социальной интеграции»

88 313,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің санаттарына жататын Алматы қаласы тұрғындарының көпшілік өтініштері негізінде қалыптастырылды.

10 жастан бастап мүгедектігі бар адамдар

Жоба инклюзия қағидаттарына негізделе отырып, заманауи шығармашылық тәжірибелердің коммуникациялық ресурстары арқылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіруге және олардың қабілеттерін тең мүмкіндіктер негізінде дамытуға бағытталған.

11

Әлеуметтік жоба «Ипотерапия - Адаптивный конный спорт»

46 800,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің санаттарына жататын Алматы қаласы тұрғындарының көпшілік өтініштері негізінде қалыптастырылды.

Психоневрологиялық аурулары, ақыл-ой кемістігі, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар, оның ішінде балалар церебралды сал ауруы, Даун синдромы және аутизм спектрінің бұзылыстары бар 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар

Жоба үйлестіруді, тепе-теңдікті, бұлшықет тонусын жақсартуға, күйзелісті төмендетуге, әлеуметтік және танымдық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ балалар церебралды сал ауруы, аутизм және басқа да бұзылыстар кезінде жай-күйді жеңілдетуге бағытталған физикалық және психологиялық оңалтуды қамтамасыз етеді.

12

Әлеуметтік жоба "Жарқын өмір"

72 031,0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қажеттілігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің санаттарына жататын Алматы қаласы тұрғындарының көпшілік өтініштері негізінде қалыптастырылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және толық емес отбасылардағы әйелдер

Жоба өзін-өзі жүзеге асыруға және әлеуметтік-мәдени бейімделуге кешенді көмек көрсетуге, психоэмоционалдық шиеленістің және агрессивті мінез-құлықтың алдын алуға және төмендетуге, жағымды өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға, өз эмоцияларын түсініп, білдіру қабілетін дамытуға, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесі мәселелеріндегі психологиялық құзыреттілігін арттыруға, қоғамдағы тиімді коммуникация дағдыларын және отбасы дәстүрлерін тиімді қалыптастыруға бағытталған.

20__ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

 

 

Жарияланған күні

03 тамыз 2026 15:17

Жаңарту күні

18 тамыз 2026

Срок публичного обсуждения

13 тамыз 2026