Әдеп кодексінің негізгі қағидаттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қаралды

Әдеп кодексінің негізгі қағидаттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қаралды

2024 жылғы 28 қазанда Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және азаматтардың мүдделеріне бағдарлану сияқты негізгі қағидаттары жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің орындауы үшін міндетті "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңда көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қаралды. Мемлекеттік міндеттерді орындауға сәйкес келмейтін қызметке тыйым салу, жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының бірлескен жұмысын болдырмау жөніндегі талаптар, Қазақстаннан тыс жерлерде шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге тыйым салу, қолма-қол ақша алуға шектеулер және құндылықтарды сақтау қағидалары талқыланды.