Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау бойынша семинар

Алматы қаласы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов қалалық кұрылыс басқармасының қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша семинар өткізді.
Мемлекеттік қызметшілер ұстануға тиіс сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер: мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін әрекеттер, жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының бірлескен қызметіне тыйым салу, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде шот ашу, ұстау, құндылықтар мен қолма-қол ақшаны сақтау мәселелері талқыланды.