Алматы қаласы Наурызбай ауданында, Қарағайлы өзенінің батысында 240 балаға арналған жаңа балабақша құрылысы аяқталды.

Алматы қаласы Наурызбай ауданында, Қарағайлы өзенінің батысында 240 балаға арналған жаңа балабақша құрылысы аяқталды.
2 қабатты заманауи ғимаратта 10 топ жұмыс істеп, 40-тан астам маман тұрақты жұмыспен қамтылады. Балалардың қауіпсіздігі үшін барлық инженерлік жүйелер жертөлеге орналастырылған және кіреберісте мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы жағдай жасалған. Бүлдіршіндер үшін негізгі тәрбиеден бөлек гимнастика, музыка және би үйірмелері қарастырылған.
Бүгінде жоба құжаттарын қала меншігіне өткізу үшін рәсімдеу шаралары жүріп жатыр. Сапа бақылауынан соң нысан пайдалануға беріледі.