Алматыда тарихи мұраға арналған ірі жоба жүзеге асуда

В Алматы продолжается строительство Мемориальный комплекс Райымбек батыра. Работы ведутся в соответствии с утверждённым графиком: возводятся основные здания, параллельно выполняются благоустройство и озеленение территории.

Алматыда Райымбек батыр мемориалдық кешені құрылысы жалғасуда. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр: негізгі ғимараттар бой көтеріп, аумақты абаттандыру мен көгалдандыру қатар атқарылуда.

Кешеннің жалпы аумағы – 41 сотық. Әртүрлі деңгейде орналасқан үш блок бірыңғай архитектуралық шешіммен біріктірілген. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр. Жоба аясында ескерткіш, музей және батырдың өмірі мен ерлігіне арналған экспозициялық залдар ашылады. Сонымен қатар білім беру және мәдени іс-шараларға арналған арнайы кеңістіктер қарастырылған.

Музей заманауи форматта ұйымдастырылады. Келушілер үшін интерактивті көрмелер, мультимедиялық контент және VR-технологиялар қолжетімді болады. Бұл тарихи материалдарды визуалды әрі тәжірибелік форматта қабылдауға мүмкіндік беріп, келушілердің танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған.