Артқа

Саяхмет Алимжан Нұрланұлы

Басшы орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1995 жылғы 26 ақпанда Алматы облысы Қарасай ауданының Ерменсай ауылында дүниеге келген. 

Мансап

Еңбек жолын 2017 жылғы 24 наурызда Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратында абаттандыру бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

2017 жылғы 25 мамырдан 2022 жылғы 6 шілдеге дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратында абаттандыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2022 жылғы 7 шілдеден 2024 жылғы 1 ақпанға дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратында абаттандыру бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеген.

2024 жылғы 13 наурыздан 10 маусымға дейін Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының су және газбен жабдықтау бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2024 жылғы 11 маусымнан 25 тамызға дейін Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеген.

2024 жылғы 27 тамыздан 2026 жылғы 26 қаңтарға дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2026 жылғы 30 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары.

Жаңарту күні: