
Республикалық және өңірлік
деңгейлерде мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
1-қосымша
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
«Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы» КММ мерзімді баспасөз басылымдарында (газеттер, журналдар) және интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, фронт-офис «Азаматтарды қабылдау орталығы» (Желтоқсан көшесі жағынан кіре беріс) мекенжайы бойынша жолдану қажет. Кеңсе 2024 жылғы 15 шілденің сағат 17.00 дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 (Желтоқсан көшесі жағынан кіре беріс) мекенжай бойынша 2024 жылдың 16 шілдесінде сағат 11.00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3 және 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.
Өтінімге Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес құжаттар тізбесі қоса берілуі тиіс.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014886
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V22R0026829