2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жоспарланған тақырыптарының тізбесі
|
|
|
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша
жоспарланған тақырыптарының тізбесі
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Жоспарланған қаржыландыру көлемі (мың тенге) |
|
|
1. |
«Азаматтық борыш»
|
7 778 |
Әлеуметтік жоба өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, рухани және адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге, сондай-ақ Отан алдындағы азаматтық борышты орындаудың үлгісін көрсетуге бағытталған. Жоба аясында Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің қатысуымен кездесулер, концерт және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. |
|
2. |
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған жоба |
12 130 |
Жоба 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы аясында түрлі іс-шараларды (кездесулер, концерт, спорттық және шығармашылық іс-шаралар және т.б.) ұйымдастыруға, сондай-ақ жастар арасында отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталған. |
|
3. |
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған жоба |
8 517 |
Жоба 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы аясында түрлі іс-шараларды (кездесулер, концерт, спорттық және шығармашылық іс-шаралар және т.б.) ұйымдастыруға, сондай-ақ жастар арасында отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталған. |
|
4. |
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Ләззат Асанованы еске алуға арналған жоба |
7 085 |
Жоба 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы аясында түрлі іс-шараларды (кездесулер, концерт, спорттық және шығармашылық іс-шаралар және т.б.) ұйымдастыруға, сондай-ақ жастар арасында отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталған. |
|
5. |
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Сәбира Мұхамеджанованың еске алуға арналған жоба |
7 435 |
Жоба 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы аясында түрлі іс-шараларды (кездесулер, концерт, спорттық және шығармашылық іс-шаралар және т.б.) ұйымдастыруға, сондай-ақ жастар арасында отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталған. |
|
6. |
«Oi-Lab» эксперттік мектебі |
30 757 |
Жоба қоғамдық маңызы бар үдерістерді мазмұнды талқылауға, аналитикалық сүйемелдеуге және идеологиялық тұрғыдан пайымдауға қатыса алатын Алматы қаласының белсенді, тұрақты және кәсіби сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған. Жоба сараптамалық, коммуникациялық және талдамалық құзыреттерді дамытуға, қоғамдық диалог мәдениетін қалыптастыруға, дәлелді ұстанымдар мен құндылықтық бағдарларды әзірлеуге, сондай-ақ күн тәртібінде қоғамдық қатысудың сапасын арттыруды қалыптастыруға бағдарланған. Жобаны іске асыру азаматтық жауапкершілікті нығайтуға, зияткерлік әлеуетті дамытуға және сындарлы қоғамдық өзара іс-қимыл ортасын қалыптастыруға ықпал етеді. |
|
7. |
Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шараларды өткізу |
9 260 |
Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шараларды өткізу.
|
|
8. |
Медиация институтын насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу жобасы |
9 595 |
Жоба халыққа дауларды шешуге көмек көрсету, медиация институтының мүмкіндіктерін түсіндіру, бітімгерлік рәсімдерді ұйымдастыру және олардың танымалдығын арттыру, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау мақсатында бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған |
|
9. |
«Болашақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жобасы |
14 859 |
Жоба мақсатты топтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шараларды көздейді |
|
10. |
«Қазақстан Республикасының Республика күніне, мемлекеттік рәміздеріне және Конституциясына арналған патриоттық іс-шараларды өткізу |
16 905 |
Жоба Конституциялық құндылықтарды, заңдылық, тәуелсіздік және мемлекеттілік принциптерін насихаттауға, халық арасында белсенді азаматтық позицияны, патриоттық дүниетанымды және қоғамдық келісімді қалыптастыруға бағытталған. Іс-шаралар Конституция, мемлекеттік рәміздер мен Республика күні мерекелері аясында өткізіледі |
|
11. |
«Таза сана» жобасы |
16 955 |
Жоба Қазақстан халқының, әсіресе жастар, отбасылар және қалалық тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру және тұрақты мінез-құлық үлгілерін дамыту — кең ауқымды визуалды және интерактивті контент арқылы жүзеге асырылады |
|
12. |
Алматы қаласындағы ТҰМ жүзеге асырылуын қоғамдық мониторингтеу орталығы |
10 985 |
Жоба Алматы қаласындағы ҮЕҰ деректерін цифрландыруға, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарының индикаторларын ескере отырып мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруға бағытталған |
|
13. |
«Қоғамдық кеңес» |
11 571 3 жылдық
|
Әлеуметтік жоба Қоғамдық кеңестің қызметін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды өткізуге арналған. |
|
14. |
«Заң мен әділдік – елдің іргетасы» |
13 080 3 жылдық
|
Жоба азаматтарға әртүрлі әлеуметтік мәселелер бойынша құқықтық кеңес беру қызметін стационарлы және мобильді түрде ұйымдастыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және заңдарды сақтау маңыздылығын түсіндіруге бағытталған
|
|
15. |
«Ардагерлерді қолдау бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» |
12 076, 8 3 жылдық (2024-2026 жж.)
|
Жоба демалыс іс-шараларын (спорттық ойындар), ақпараттық іс-шараларды (мемлекеттік органдармен кездесулер, әлеуметтік қызметтер бойынша семинарлар, қарттар айлығы және т.б.) ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ ардагерлерді қолдауға бағытталған
|
|
16. |
«Сіvil center Almaty»
|
15 952,3 3 жылдық (2024-2026 жж.)
|
Жоба ҮЕҰ ұйымдық мәселелер бойынша ақпараттық-консультативтік және ресурстық қолдау көрсетуге бағытталған. Қызмет көрсету «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. |
16 қаңтар 2026 11:14
16 қаңтар 2026
16 қаңтар 2026