«Тәуелділік мінез-құлқының алдын алу (алкоголизм, нашақорлық, лудомания және т.б. тәуелділіктің түрлері)»
«Тәуелділік мінез-құлқының алдын алу (алкоголизм, нашақорлық, лудомания және т.б. тәуелділіктің түрлері)» жобасы
Жоба алкоголизм, құмар ойындар, нашақорлық және басқа да тәуелділік проблемалары бар отбасыларға қолдау көрсету, тәуелділерге осы қиындықтан құтылуға көмектесу үшін түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған.
Жобаны іске асыру шеңберінде:
* Тәуелділік мінез-құлқы бар адамдар мен олардың туыстары үшін жеке және тегін қалалық телефон нөмірі бар және өтініш білдіргендердің журналын жүргізу үшін «Жедел желі» қағидаты бойынша арнайы «Консультациялар қызметін» құру. «Консультациялар қызметі» шеңберінде заң, психологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
* Аддиктивті мінез-құлқы бар адамдарды және олардың туыстарын арнайы «Консультациялар қызметінің» қызметі туралы хабардар ету, қызметтің телефонын және консультациялық көмек көрсетілетін мәселелердің тізбесін көрсете отырып, хабарландыруды (мемлекеттік және орыс тілдерінде) қалалық БАҚ-та айына кемінде бір рет орналастыруды қамтамасыз ету;
* Дағдарыс орталықтарымен бірлесіп кездесулер өткізу;
* Дағдарыстық және басқа орталықтарда тарату мақсатында тәуелділік мінез-құлқы бар адамдар мен олардың туыстары үшін жадынама (мемлекеттік және орыс тілдерінде) әзірлеу;
* Психолог пен заңгерді тарта отырып, тәуелділік мінез-құлқы бар адамдармен психоәлеуметтік бағдарламалар жүргізу.
09 сәуір 2024 15:35
09 сәуір 2024
23 сәуір 2024