«АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІН ӨТКІЗУ» ЖОБАСЫ
Жоба ұйымдастыруға бағытталған және демалыс (спорттық ойындар), ақпараттық (мемлекеттік органдармен кездесулер, әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинарлар, қарттар айлығы және т.б.), ардагерлерді қолдау іс-шараларын өткізу.
Жоба аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған:
Өтінішпен келген азаматтарға ақпараттық-консультативтік, құқықтық, қаржылық, әдістемелік және басқа да мәселелер бойынша қолдау көрсету үшін есепке алу журналын міндетті түрде жүргізе отырып Қалалық және 8 аудандық кеңселердің қызметін қамтамасыз ету;
Тұрақты жұмыс істейтін ресми сайтты құру (домендік мекенжай, сайттың құрылымы мен мазмұны тапсырыс берушімен келісілуі керек) және кем дегенде 3 танымал әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram және т.б.) парақшаларды жүргізу;
Әлеуметтік желілерде әр түрлі тақырыпта сұхбаттар, шолулар, сараптамалық қорытындылар және жазбалар кемінде айына 2 рет орналастыруды ұйымдастыру;
Ардагердің қатысуымен әртүрлі форматтағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу:
- мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетудің жұмыс істейтін үлгісімен және зейнеткерлерді әлеуметтік қамтамасыз етудің өзекті сұрақтарымен таныстыру бойынша құзырлы органдар өкілдерін шақырумен кемінде 600 адамның қатысуын қамтамасыз ете отырып, 16 әртүрлі форматтағы (дөңгелек үстелдер, кездесулер, диалогтық алаңдар және т.б.) іс- шаралар өткізу. Қатысушыларды брендтелген үлестірме материалдарымен (папка, блокнот, қалам) қамтамасыз ету және іс-шара өтетін орынды безендіруді қарастыру;
- соғыс және тыл ардагерлері қатысуымен білім беру мекемелерінде кемінде 400 адамды қамти отырып жастармен ұрпақтар сабақтастығын қолдауға және жастарды патриоттылыққа тәрбиелеуге арналған, кемінде 10 кездесу өткізу. Өтетін орынды безендіруді қамтамасыз ету;
- естелік сыйлықтарын табыстай отырып, кемінде 10 демалыс іс-шараларын (шахматтан, тоғызқұмалақ және т.б. сайыстар) ұйымдастыру. Өтетін орынды безендіруді (тақырыптық баннер орналастыру);
- Алматы қаласында «Қарттар айлығын» өткізу (ардагерлерге бару, концерттерге, қайырымдылық шараларына қатысу және т.б.) және қатысушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету (іс-шаралар аясында кемінде 200 адамға арналған түскі ас);
кемінде 45 адамды қамти отырып, қалалық ардагерлер кеңесі Президиумының кемінде 3 отырысын өткізу.
Өткізілетін орынды безендіруді қамтамасыз ету;
- кемінде 80 адамды қамти отырып, аудандық Ардагерлер кеңестері Президиумдарының кемінде 8 отырысын өткізу. Өткізілетін орынды безендіруді қамтамасыз ету;
- қалалық ардагерлер кеңесі Пленумының отырысын өткізу;
кемінде 60 адамды қамтумен. Өткізілетін орынды безендіруді қамтамасыз ету ;
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79, 80, 81 жылдығына арналған жалпы қалалық және аудандық қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және өткізу
26 желтоқсан 2023 17:30
26 желтоқсан 2023
12 қаңтар 2024