«МӘТ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ» ЖОБАСЫ

Жоба ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Алматы қаласында жүзеге асырылып жатқан барлық әлеуметтік жобалардың орындалу барысын бақылауды көздейді. Жоба аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған:

  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларға қоғамдық мониторинг жүргізудің әдістемесін және жоспарын әзірлеу;
  • МӘТ шеңберіндегі жобаларды іске асыру сапасына мониторинг жүргізу әдістемесін жетілдіру;
  • 19 адамнан тұратын мониторингтік топ құру.
  • Мониторингтік топ мүшелері үшін мынадай мәселелер бойынша оқытуды ұйымдастыру және өткізу: әлеуметтік жобалау; МӘТ шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру; әлеуметтік жобалардың қоғамдық мониторингі әдістемесіне сәйкес мониторингті ұйымдастыру және жүргізу; МӘТ стандартының мониторингі ( кемінде 4 семинар-тренинг);
  • Өнім берушілерге бару арқылы жобалардың және жобалар шеңберіндегі іс-шаралардың ай сайынғы мониторингін ұйымдастыру;
  • Жобалардың ТЕ сәйкестігі мәніне, ал іс-шаралардың МӘТ стандартына мониторинг жүргізу
Жарияланған күні

26 желтоқсан 2023 17:29

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

12 қаңтар 2024