«ЕҢБЕК АДАМЫ» ЖОБАСЫ

Жастарды еңбекке баулып, түрлі кәсіптерді танымал етуге бағытталған имидждік іс-шараларды өткізу. Белгілі бір қызмет саласындағы мамандармен кездесулер ұйымдастыру. Жоба аясында акциялар, байқаулар өткізу және т.б.

Жоба аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған:

- «Бақыт кілті – еңбекте» тақырыбында өз еңбегімен зор жетістіктерге жеткен азаматтар мен жастардың кемінде 10 кездесуін ұйымдастыру;

- Еңбек күні қарсаңында «Еңбек адамы – 2024» байқауын қалалық деңгейде ұйымдастыру және өткізу, қаланың дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан кемінде 15 саланың қызметкерін анықтау;

- 15 жеңімпаз туралы (әр жеңімпазға кемінде 1 минуттан) видео-ролик әзірлеу және марапаттау салтанатында көрсету;

- Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты шарасы, іс-шараның сценарийі мен бағдарламасын әзірлеу. Жеңімпаздарға – кемінде 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық беру, барлық қатысушыларға диплом, сертификат және еуробукеттер тапсыру (кемінде 15 дана)). Марапаттау рәсімін өткізу орнын рәсімдеу және қатысушыларға кофе-брейк қарастыру;

- Кемінде 3 әлеуметтік желіде #enbekadamy2024 хэштегін пайдалана кемінде 5 пікір мен басылым орналастыруды ұйымдастыру;

- салтанатты шараны фото-бейнетүсіріліммен қамтамасыз ету;

- Жоба аяқталғаннан кейін қорытынды бейнеролик түсіру (1 минуттан кем емес);

- жоба қорытындысы бойынша жеңімпаздардың жұмыс орнына алғыс хаттар жолдау.

Жарияланған күні

26 желтоқсан 2023 17:23

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

12 қаңтар 2024