«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ» ЖОБАСЫ

Жоба халық арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және насихаттау бойынша тақырыптық іс-шараларды өткізуге бағытталған.

Жоба аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған:

  • ҚР Мемлекеттік рәміздерін дұрыс қолдану бойынша ІІ этаптық (І және ІІ жартыжылдық) мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге қоғамдық мониторинг жүргізу (8 ауданда кемінде 800 мекеме). Жұмыс қорытындысы бойынша кемшіліктерді көрсете отырып мемлекеттік органдардар үшін (түрлі түсті) альбом әзірлеп шығару;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс қолдану мәселесі бойынша мамандар мен құзырлы органдардың қызметкерлерін тарта отырып мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдері үшін қаланың барлық аудандарында кемінде 20 семинар өткізу;
  • Кемінде 3 танымал әлеуметтік желілерде арнайы топ (қауымдастық) құру (немесе жұмыс істеп тұрған топтың жұмысын жалғастыру). және «#Менің Туым», «#Менің Елтаңбам» және «#Менің Гимнім» хэштектерімен тақырыптық викториналар және эстафеталар жүргізу. Интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде аталған топтың (қауымдастық) жұмыс істеуін және мұнда жоба аясында тақырыптық іс-шаралардың өткізілгендігі жөнінде ақпараттық және сурет-бейнематериалдарды орналастыруды қамтамасыз ету қажет;
  • кемінде 300 адамды қамтитын «Менің Туым», «Менің Елтаңбам» және «Менің Гимнім» тақырыптарында 3 жастар флешмоб-акцияларын өткізу. Іс-шаралар барысында мемлекеттік рәміздерді кеңінен дәріптеу мақсатында белсенді қатысушыларға жалаушалар,  мемлекеттік рәміздердің кескіні бейнеленген футболкалар, бейсболкалар үлестіру. Акция сценарийін Тапсырыс берушімен келісу;

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үшін, көрнекті тұлғалардың, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымдарында (8 аудан бойынша мектептерді, колледждер мен ЖОО-да) кемінде 30 тақырыптық кездесулер өткізу. Қонақтарды тақырыптық кәдесыйлармен қамтамасыз ету және өтетін орынды безендіруді қарастыру

Жарияланған күні

26 желтоқсан 2023 17:20

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

12 қаңтар 2024