«Мерейлі отбасы» ЖОБАСЫ

Жоба адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң имиджін тәрбиелеуге, отбасының мәртебесін көтеруге бағытталған.

Жоба аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған:

- «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық турын ұйымдастыру және өткізу.

- Аудандық комиссиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ, аудандық деңгейде жеңімпаздарды марапаттау, конкурсты дайындау және өткізу. 

- Қалалық конкурс кезінде трансляциялау үшін қатысушылар туралы бейнеролик/бейнетүсірілім дайындау (1 минуттан кем емес). 

- «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсын қалалық деңгейде ұйымдастыру және өткізу. Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты шарасы, іс-шараның сценарийі мен бағдарламасын әзірлеу.  Марапаттау рәсімін өткізу орнын рәсімдеу, кемінде 2 бұқаралық ақпарат құралын, кемінде 3 әлеуметтік желіде #0tbasym2024 хэштегін пайдалана отырып хабардар ету, кемінде 5 адамның пікірі, іс-шара туралы фото, бейне есеп беру.

- Қоюшы-режиссердің және кемінде 2 имидждік топтың қатысуын  қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақстандық эстрада әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама әзірлеу.

 

Жарияланған күні

26 желтоқсан 2023 17:18

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

12 қаңтар 2024