«МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДӘРІПТЕУ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІН ӨТКІЗУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН» ЖОБА

Жоба халыққа дауларды шешуге көмектесу, медиация институтының мүмкіндіктерін түсіндіру, татуластыру рәсімдері мен оларды кеңінен насихаттау, қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау мақсатында бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған.

Жоба аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған:

  • Тізілімде тұрған кемінде 2 сертификатталған кәсіби медиаторды тарта отырып, 8 аудандық әкімдік жанында дауларды шешу үшін халыққа тегін білікті медиативтік көмек жұмысын ұйымдастыру;
  • Біріңғай тұрақты телефон нөмірі бар «жедел желі» жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік және орыс тілдерінде құқықтық және медиативтік консультациялар жүргізу (журнал жүргізу);
  • «Жедел желі» жұмысы туралы хабарландыруды кемінде 2 баспа БАҚ-та, кемінде 3 әлеуметтік желіде орналастыру;
  • Кем дегенде 3 танымал әлеуметтік желілерде Facebook, Instagram және т. б. жоба парақтарын құру және жүргізу, сондай-ақ оларды мемлекеттік және орыс тілдерінде үнемі ақпаратпен толықтыруды қамтамасыз ету;
  • Татуластырушы судьялар, сот мамандары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, АХАЖ қызметкерлері, мектеп директорлары мен меңгерушілері, медициналық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, прокуратура, Полиция департаменті қызметкерлері үшін келіссөздер жүргізу, коммуникация, медиация, дауларды шешу бойынша медиативтік құзыреттілік бойынша кәсіби жаттықтырушыны тарта отырып, 8 (барлық аудандарда) оқыту іс-шараларын (сертификаттар бере отырып) өткізу. Қатысушыларды үлестірме материалдарымен (папкалар, блокноттар, қаламдар) қамтамасыз ету және өткізу орнын тақырыптық безендіруді ;

Колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытушылар мен студенттер үшін келіссөздер процесінің негіздері, медиация және медиативтік құзыреттілік, жанжалдағы мінез-құлық туралы 10 қонақ дәрісін ұйымдастыру және өткізу орнын тақырыптық безендіруді 

Жарияланған күні

26 желтоқсан 2023 17:14

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

12 қаңтар 2024