«АЯУЛЫ ЖАН» ЖОБАСЫ

Жоба әйелдерге құқықтық және психологиялық консультациялар алу үшін қоғамдық қабылдау бөлмесін құруға және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу бойынша іс-шараларды (шеберлік сынып, кеңес беру, тренинг және т.б.) өткізуге бағытталған.

Жоба аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған:

- «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты 16 акция өткізу. Акцияны өткізу үшін 5000 дана ақпараттық буклеттер, 1 баннер, ақпараттық жапсырмалар 1000 дана, волонтерлерге әрбірі 100 данадан брендтелген бейсболкалар мен футболкалар әзірлеу қажет.

- Қала әйелдеріне тәжірибе беру және оларды көшбасшылыққа оқыту (кемінде 400 адамды қамту) үшін қызметтің әртүрлі салаларында (бизнес, қоғамдық қызмет, журналистика және т.б.) белгілі бір жетістіктерге жеткен әйелдерді тарта отырып, 8 шеберлік-сыныптарын (әрбір ауданда) ұйымдастыру және тақырыптық безендіру.

- Аудандық әкімдіктермен бірлесіп дауларды шешу, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, гендерлік теңдік, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және т.б. мәселелер бойынша әртүрлі форматтағы іс-шаралар (диалог алаңдары, кездесулер, көшпелі консультациялар және т. б.) ұйымдастыру.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен белсенді әрекеттесу. Бірлесіп кеңес беру, психоәлеуметтік шараларды өткізу (кемінде 5 іс-шара).

- Қорытындысы бойынша кемінде 70 адамды қамти отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғандарға көмек көрсету және әрі қарай орын алуын болдырмау жөнінде өзара әрекеттестіктің механизімдерін талқылау үшін барлық мүдделі құрылымдарды – мемлекеттік ұйымдарды, құқық қорғау органдарын, ҮЕҰ, БАҚ шақыра отырып конференция өткізу.

Жарияланған күні

26 желтоқсан 2023 17:09

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

12 қаңтар 2024