"Қаһарман ұлт" ЖОБАСЫ

Жоба 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы аясында түрлі іс-шараларды (кездесулер, концерттер, спорттық-шығармашылық шаралар және т.б.) ұйымдастыруға және жастардың патриоттық сезімін нығайтуға бағытталған.

Жоба аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған:

  • Студент жастар арасында 1986 жылғы Желтоқсанға қатысушы, Халық Қаһарманы Қ. Рысқұлбеков атындағы бокстан және қол күрестен қалалық турнир ұйымдастыру. Жеңімпаздарды медаль, кубок және бағалы сыйлықтар тапсырыс берушімен келісе отырып табыстау, марапаттау салтанантын ұйымдастыру және өтетін орынды безендіруді (тақырыптық баннер) қарастыру;
  • Халық Қаһарманы Қ.Рысқұлбековтың құрметіне арналған оқушылар арасында шығармашылық патриоттық байқау ұйымдастыру;
  • Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен, 1986 жылғы Желтоқсан қатысушыларымен кемінде 5 тақырыптық танымдық кездесулер ұйымдастыруды. 200 адамды қамту.
  • Студенттер арасында «Халық Қаһарманы  Қ. Рысқұлбеков» атты челледж ұйымдастыру;
  • Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің және 1986 жылғы Желтоқсан қатысушыларының қатысуымен жалпы саны 70 адамды қамти отырып, тақырыптық «конференция» өткізу.
Жарияланған күні

26 желтоқсан 2023 17:07

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

12 қаңтар 2024