«ПАТРИОТТЫҚ РУХ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ЖОБАСЫ

Жоба 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы аясында түрлі іс-шараларды (кездесулер, концерттер, спорттық-шығармашылық шаралар және т.б.) ұйымдастыруға және жастардың патриоттық сезімін нығайтуға бағытталған.

Жоба аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған:

- Студент жастар арасында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Е. Сыпатаевтың құрметіне арналған қазақша күрестен турнир өткізу. Жеңімпаздарды медаль, кубок және бағалы сыйлықтарды (табыстау, марапаттау салтанантын ұйымдастыру және өтетін орынды безендіруді  қарастыру;

 - 1986 жылғы Желтоқсан қатысушылары мен жастар арасында  кемінде 10 тақырыптық кездесуді ұйымдастыру, кемінде 500 адамды қамту;

  Жастарды қатыстыра отырып Е.Сыпатаев атындағы көшенің тазалағын арттыру мақсатында сенбілік өткізу;

   - Мектеп оқушылары арасында эссе жазудан конкурс өткізу. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу, сыйлықтарды тапсырыс берушімен келісу; 

    - Кемінде 70 адамды қамти отырып, тарихшылар, жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Е. Сыпатаевтың 60 жылдығына арналған конференция өткізу,  сондай-ақ конференция барысында тақырыптық көрме ұйымдастыру.

 

Жарияланған күні

26 желтоқсан 2023 17:04

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

12 қаңтар 2024