ПРОЕКТ «АЗАМАТТЫҚ БОРЫШ»

Әлеуметтік жоба өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге, сондай-ақ Отан алдындағы азаматтық борышын өтеудің үлгісін  көрсетуге бағытталған. Жоба аясында Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің қатысуымен кездесулер, еске алу кеші, концерт және т.б. ұйымдастыру.

Жоба аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған:

- Фото көрме ұйымдастыра отырып, студент жастармен Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен 10 кездесу өткізу. Кемінде 300 адамды қамту. Өтетін орынды тақырыптық безендіруді  қамтамасыз ету;

- Ауған соғысының ардагерлерін қонақ ретінде шақырумен футбол, қазақша күрес және үстел теннисі бойынша 3 спорт жарыстарын ұйымдастыру.  Медальдарды (не Кубоктарды) және бағалы жүлделерді тапсыра отырып, жеңімпаздарды марапаттауды (1, 2 және 3 орындар) ұйымдастыруды көздеу;

- Алматы қаласының зираттарында қараусыз қалған ҰОС ардагерлерінің бейіттерін (мерзімі 22 маусымға дейін) тазарту бойынша "Никто не забыт, ничто не забыто" акциясын ұйымдастыру.

 - Ауған соғысының ардагерлерін қонақ ретінде шақыра отырып, Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы батырларына, Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеу кезіндегі қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштерге кемінде 5 рет гүл қою іс-шарасын, жастардың қатысуымен кемінде 100 адам қамти отырып ұйымдастыру;

- 22 маусым еске алу және аза тұту күніне арналған
іс-шараларды ұйымдастыру (гүл қою рәсімі ардагерлер мен жастарға арналған концерттік бағдарлама);

- ҰОС ардагерлерінің үйлеріне баруды ұйымдастыру (20 адамнан кем емес) (жинау, азық-түлік себеттерін ұсыну және т. б.);

- Офицерлер үйіне «Боевой славы» мұражайына 10 экскурсия ұйымдастыру (топта кемінде 20 адам).

- Жастар арасында «Азаматтық борыш» тақырыбында суретшілер байқауын ұйымдастыру. Жеңімпаздарды арнайы сыйлықтармен марапаттау.

Қорытынды бойынша кемінде 70 адамды қамти отырып, Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымдары өкілдерінің қатысуымен конференция өткізу.

 

Жарияланған күні

26 желтоқсан 2023 16:34

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

12 қаңтар 2024