Азаматтарды қабылдау отырысы Әлеуметтік қызметтер үйінде өтті.

Азаматтарды қабылдау отырысы Әлеуметтік қызметтер үйінде өтті.

Өткізілетін консультациялар шеңберінде пайдалы ақпаратпен бөлісуді жалғастырамыз.
Күн сайын Басқарманың анықтамалық арнасына, сондай-ақ азаматтарды қабылдау отырыстарына тұрғын үй құрылысы объектілеріне рұқсат құжаттарының болуы туралы сұрақтар жиі түседі.
Біз жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жүйелі түрде жаңарта отыра, БАҚ-та жариялаймыз.
Ағымдағы тізіммен сілтеме бойынша төменде көрсетілген сайтта таныса аласыздар:
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-ugask/press/news/details/876264?lang=kk
Естеріңізге сала кетейік, бастапқы жылжымайтын мүлік нарығындағы мәмілелердегі шығындарды болдырмау үшін құрылыс салушыдан рұқсат құжаттарының толық пакетін талап ету керек, немесе Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 нөмірі бойынша WhatsApp анықтамалық арнасы арқылы рұқсат құжаттарының толық әрі дұрыс екендігі туралы сенімді ақпарат алу қажет.