Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитеті келіп түсетін өтініштердің көп болуына байланысты құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында халықпен тиімді диалогты арттыру мақсатында Ақпараттық қызмет құру жоспарлап отыр.

Ақпараттық қызмет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) консультациялық қызметтер көрсетеді.
Құрылыс мәселелері бойынша байланыс телефоны – 8 (7172) 98-33-50, тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша - 8 (7172) 98-30-59, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына (мүліктік меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестік, пәтерлер иелерінің кооперативтері) көшу мәселелері бойынша - 8 (7172) 98-34-86 (Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоңырау шалу ақылы).