Салынып жатқан Cassele Rock ТК аумағында тірек қабырғасының құрылысы басталды.

Қазір бетон құю жұмыстары жүріп жатыр.
Еске салайық, Cassele Rock тұрғын үй кешенінің құрылысы қолда бар рұқсат және құқық белгілейтін құжаттарды ескере отырып басталды.
“Mountin drive” тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініші бойынша біз нысанға тексеру жүргізіп, жоба сараптамасын беру кезінде заң бұзушылықтар орын алғанын және жобада жер телімінің периметрі бойынша тірек қабырғасы қарастырылмағанын анықтадық. Бұл учаскеде қазба жұмыстарын жүргізу барысында топырақтың жылжуы орын алып, ол Castle Rock тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңы мен қолданыстағы Mountain Drive тұрғын үй кешенінің шекарасының жақындауына алып келген.
Құрылыс жүргізуші «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның карьер жағы беткейлерінің орнықтылығы және тіреу қабырғасын орнату бойынша ұсыныстарын алғанша біз учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтаттық.
Қазіргі уақытта «Mountine drive» тұрғын үй кешенімен іргелес аумақтағы шұңқырдың қабырғаларын нығайту мақсатында «UR Construction» ЖШС мердігері шұңқыр түбінің деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар шұңқырдың құрылыс жұмысы, сондай-ақ монолитті темірбетон конструкцияларынан жасалған тіреу қабырғасын орнату бойынша жұмыстар басталды.
Сондай-ақ, «Абсолют Сараптама» ЖШС сараптама ұйымы тірек қабырға бойынша жобалық шешімі жоқ жұмыс жобасына оң сараптамалық қорытынды бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 317-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн.