Сот шешімімен Көк-Төбедегі ең үлкен автотұрақ бұзылуда

Автотұрақ иесінің Горная к., Горновосточная к. шығысындағы уақытша өтеулі жердің пайдалану мерзімі аяқталған.
Жерді пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін, жалға алушы Жер қатынастары басқармасына оны ұзарту туралы сұраныс жіберіп, оған бас тартылған.
ЖҚБ-дан тиісті хабарлама алғаннан кейін, біз Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жібердік. Бүгінде сот шешімімен автотұрақ бұзылып жатыр.
Бұрынғы автотұрақ шамамен 1,3 гектар мемлекеттік жерді алып жатқанын атап өткен жөн.