Заңсыз құрылыстарды бұзу жұмыстары жүргізілді

Заңсыз құрылыстарды бұзу жұмыстары жүргізілді

Қала құрылысын бақылау басқармасы Достық даңғылы, 118 "А" мекен-жайы бойынша орналасқан нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізді, тексеру барысында Жан Плов Лагман жазғы кафесінің құрылысы заңсыз жүргізілгені анықталды.

Меншік иелері "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"ҚР Заңының талаптарын бұзды. Жерге тиісті құқықсыз құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген және объектінің өзі пайдалануға беру актісіз пайдаланылған.

Анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, басқарма әкімшілік шаралар қабылдап, материалдар қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қаулысына сәйкес, тәртіп бұзушыларға заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып, айыппұл салынды.

Барлық процесс басқарманың жауапты қызметкерлерінің бақылауында өтті және бұзу белгіленген мерзімде жүргізілді.
Басқарма заңсыз салынған нысандарды анықтау бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.