2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

 

Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) 2026-2027ж.ж

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың мақсатты тобы

 Күтілетін нәтиже

 

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы

144 263

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген және Ұлттық Жоспарда көзделген. 22.02.2021 жылғы № 47 бұйрықпен 2025 жылға дейін "Белсенді ұзақ өмір сүру" аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Зейнеткерлер

Аға буын азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға, олардың белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке тартылуына және ұрпақтар сабақтастығына жәрдемдесуге бағытталған жүйелі мәдени-демалыс жұмысы үшін инфрақұрылым құру. Зейнеткерлік жастағы адамдарды әлеуметтендіру, білім беру, психологиялық, сауықтыру, спорттық және бос уақытты өткізу арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету және белсенді жүріп-тұру қабілетін сақтаған егде жастағы адамдардың белсенді өмір салтын қолдау.

 

Отбасын қолдау орталығы

100 000

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 маусымда № 34499 болып тіркелді.

Халықтың осал топтары

 

Әрбір қазақстандық отбасының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау – қазіргі қоғамды дамытудың сөзсіз басымдығы.  Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық қолдау көрсету; біліктілікті арттыру, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлікті дамыту; әлеуметтік осал отбасылардың мәселелерін және оларды шешу жолдарын анықтау; отбасылық құндылықтарды насихаттау және қалыптастыру.

 

 

Тең қоғам

78 032

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Ten Qogam әлеуметтік қолдау орталығының тұжырымдамасын әзірледі

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар

Өз мүмкіндіктерін білмеу және отбасы тарапынан гиперқамқорлық салдарынан қоғамнан оқшауланған мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған.  Міндеттері:

• өз бетінше өмір сүру дағдыларына үйрету

• теріс стереотиптерді жеңу және өзін-өзі бағалауды арттыру • құқықтық сауаттылықты арттыру

• мүгедектікке байланысты қорқыныш пен сенімсіздікті жеңуге көмектесу

• өз өмірінде жоспарлау және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру

 

 

Шыңға өрлеу

314 118

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі вице-министрінің хаты негізінде (2019 жылғы қазан)

Халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары (1-4 сынып)

Аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін 1-4 сынып оқушылары "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубының қабырғасында тегін қосымша білім алып, жеке тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік алады.

Жарияланған күні

05 тамыз 2025 09:31

Жаңарту күні

05 тамыз 2025

Срок публичного обсуждения

18 тамыз 2025