Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Әкімшілік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы, D-5 санаты, (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-5

Орташа лауазымдық айлықақы

98926 - 140514

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары, орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге және электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу; тексеру комиссиясының кіріс, шығыс, қызметтік хат-хабарларын электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеу; кіріс, шығыс, ішкі хат-хабарларды орындау бойынша мониторинг және бақылау; ведомстволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру; өз қызметінде жиынтық талдамалық және әдістемелік материалдарды дайындауға қатысу; құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерінің нормаларын әзірлеу және сақтау; мемлекеттік аудит нәтижелеріне құқықтық сараптама жүргізу; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама дайындау және материалдарды сотқа жолдау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; істер номенклатурасын әзірлеу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді және тоқсан сайынғы талдамалық ақпаратты дайындау, уәкілетті органдармен әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тоқсан сайынғы салыстырып тексеру актілерін дайындау, сондай-ақ басшылықтың тапсырмалары бойынша келіп түскен хаттар мен сұрау салуларға ақпарат дайындау; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.06.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.06.2021 – 10.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.06.2021

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Достык даңғылы, 192/2 үй, 9 этаж, 918 каб

Анықтама алу үшін байланыс

2643318