GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Комиссия туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 сентября 2026
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында цифрландыру саласында бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында «Цифрландыру саласында бюджет қаражаты мен активтерін тиімді жоспарлау және пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

            Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының басшылығы мен мемлекеттік аудиторлары, цифрландыру саласындағы уәкілетті органның өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

            Кездесудің негізгі мақсаты - цифрлық жобаларды іске асыру кезінде бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді тиімді жоспарлау және пайдалану, олардың қойылған мақсаттарға, қол жеткізілген нәтижелерге және халықтың өзекті қажеттіліктеріне сәйкестігі мәселелерін талқылау болды.

            Дөңгелек үстел барысында қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамыту, ақпараттық жүйелерді жетілдіру және интеграциялау, мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ Алматы қаласы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды.

            Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Алматы қаласы цифрландыру басқармасы» КММ-де, «Алматы қаласын дамыту орталығы» ЖШС-де және «Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС-де 2026 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шарасының нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Аталған аудиторлық іс-шара тиісті орган құрылғаннан бері көрсетілген ұйымдарға қатысты жүргізілген алғашқы кешенді іс-шара болды.

            Талқылау барысында аудит нәтижелері бойынша қалыптастырылған қорытындылар мен ұсынымдар, сондай-ақ цифрлық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәсілдерін одан әрі жетілдіру, олардың нәтижелілігін арттыру және бюджет ресурстары мен мемлекеттік активтерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

            Цифрландыру саласының өкілдері қатысушыларды ағымдағы қызметтің негізгі бағыттарымен, іске асырылып жатқан цифрлық бастамалармен және Алматы қаласының цифрлық инфрақұрылымын одан әрі дамыту перспективаларымен таныстырды.

            Бұдан бөлек, цифрлық жобалардың практикалық тиімділігі, олардың халық үшін қажеттілігі, ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету және цифрлық деректер негізінде қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

            Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша цифрлық бастамалардың нәтижелілігін арттыру, бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қала тұрғындары үшін практикалық маңызын күшейту жөнінде пікірлер, тәжірибе және ұсыныстар алмасу жүргізілді

17 сентября 2026
Баспасөз релизі

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы «Алматы қаласының цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің тиімді пайдаланылуына қатысты жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығарды.

Жүзеге асырылған жобалардың тиімділігін бағалау нәтижесінде бөлінген бюджет қаражатының елеулі бөлігі көзделген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталмағаны анықталды.

001-ші бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері негізінен нақты қызметтерді ұсынумен ғана шектеледі; мұнда кейінгі өлшенетін нәтижелер — мысалы, еңбек шығындарының азаюы, қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігінің жақсаруы, сұрау сандарының қысқаруы, шығындарды оңтайландыру немесе бөлінген бюджет қаражатының тиімділігіне объективті баға беруге мүмкіндік беретін басқа да нәтижелер айқындалмаған.

Шарттар жасалған кезде, сол шарттар аясында құрылған материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды және зияткерлік қызмет нәтижелерін мемлекет меншігіне бекітіп қою тетігі қарастырылмаған.

Цифрлық шешімдерді әзірлеуге, оларға қызмет көрсетуге және техникалық қолдауға бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде, алайда бірқатар жобалар бойынша күтілген нәтижелерге қол жеткізілмеді, оларға практикалық сұраныс жоқ немесе алынған нәтиже жұмсалған шығындарға сәйкес келмейді.

Аудит барысында бюджетке 167 250,1 мың теңге өндіріліп алынды, 56 800,0 мың теңге тауар түрінде қалпына келтірілді.

Тексеру комиссиясының отырысынан кейін анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді  және де  олардың түпкілікті себептері мен ықпал етуші факторларын жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау жөнінде нұсқаулар мен ұсынымдар берілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға процестік шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік аудит материалдары жолданды.

10 сентября 2026
Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы 2026 жылғы 14 қыркүйекте аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша отырыс өтетінін хабарлайды.

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы 2026 жылғы
14 қыркүйекте сағат 11:00-де «Алматы қаласы цифрландыру басқармасы» КММ-де жүргізілген «Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануға мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша отырыс өтетінін хабарлайды.

Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 21/5, 3-қабат, мәжіліс залы.

Жауапты тұлға: Махмұт Т. тел. +7 747 243 69 14.

16 июля 2026
Баспасөз релизі

Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» КММ-де жүргізілген 2025 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындыларын шығарды.

Алматы қаласы бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша қаржылық нәтижеге әсер ететін бұзушылықтар, сондай-ақ коммуналдық мүлікті тиімді басқару бөлігінде «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» КММ жұмысының ұйымдастырылуында бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, оның ішінде:  

- жылжымайтын мүлік объектілерін беру туралы әкімдік қаулыларының орындалуы қамтамасыз етілмеген;

- мүліктік кешенге жедел басқару құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша шаралар қабылданбаған;

- тәркіленген мүліктің және сатып алынған мүліктің жекелеген объектілерін түпкілікті баланс ұстаушыларға толық және уақтылы беру қамтамасыз етілмеген;

- мемлекеттік мүлікті пайдалану құқығын және шарттарды ресімдемей үшінші тұлғалардың пайдалануы;

- жылжымайтын мүлікке құқықтардың болмауы немесе уақтылы тіркелмеуі;

- мемлекеттік мүлікті заңнама талаптарын бұза отырып сенімгерлік басқаруға беру.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Бухгалтерлік есеп саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактілері бойынша мемлекеттік аудит материалдары шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға жолданды.

16 июля 2026
Баспасөз релизі

2025 жылға арналған Алматы қаласының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы.

 Қорытындымен танысу үшін төмендегі сілтеме бойынша өту қажет.

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-revcomkz/documents/details/1043677?lang=kk

01 июля 2026
Баспасөз релизі ЖШС «Алматы жылу жүйесі»

Тексеру комиссиясы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-де «Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитті» қорытындыларын шығарды

 

Қаланың жылумен жабдықтау жүйесі стратегиялық маңызға ие және тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Серіктестік 88 жылу көзі арқылы өндірілетін жылу энергиясын тасымалдау мен бөлуді қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның теңгерімінде ұзындығы 1 409,8 шақырым жылу желілері, 69 сорғы станциясы, 358 орталық жылу пункті және басқа да технологиялық жабдықтар бар.

Сонымен қатар аудит бірқатар жүйелі сұрақтарды анықтады. Солардың негізгісі инфрақұрылымның жоғары деңгейде тозуы. Жылу желілерінің 54%-дан астамы 25 жылдан бері пайдаланылып келеді, соның салдарынан жыл сайын шамамен 2 мыңға жуық зақымдану тіркеледі. Аудит желілерді апаттық жөндеуден жоспарлы жаңғыртуға көшіру және құбырлардың жай-күйін диагностикалаудың заманауи әдістерін енгізу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар аудит Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінде кемшіліктерді, сондай-ақ төлемдерді есептеу, активтерді пайдалану, бухгалтерлік есеп жүргізу және мемлекеттік сатып алу салаларында заңнама талаптарының сақталмау фактілерін анықтады.

Сонымен қатар мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 8,8 млрд. теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 5,3 млрд. теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар, 3,5 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік активтерін тиімсіз пайдалану, 137,1 млн. теңге экономикалық шығындар, 42 рәсімдік бұзушылық және 5 жүйелік кемшіліктер анықталды.

Тексеру комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді, оларға себеп болған жағдайлар мен шарттарды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Аудиторлық қорытындымен танысу үшін төмендегі сілтеме бойынша өту қажет.

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-revcomkz/documents/details/1035751?lang=kk

25 июня 2026
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 2026 жылғы 29 маусымында сағат 11:30-де аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша отырыс өтетінін хабарлайды.

Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 2026 жылғы 29 маусымында сағат 11:30-де келесі аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша отырыс өтетінін хабарлайды:

- «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-сында жүргізілген «Бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудит».

Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 21/5, 3-қабат, мәжіліс залы.

Байланыс тұлғасы: Какишев Ерсаин Болатжанович, тел.: +7777 012 3902

23 июня 2026
Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!

Жыл сайын 23 маусымда Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Бұл — елге және қоғамға қызмет етуді таңдаған азаматтардың мерекесі.

Мемлекеттік қызмет елдің дамуын қамтамасыз етуде, заңдылықты сақтауда және азаматтардың мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарады. Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімі мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне, жауапкершілігіне және адалдығына тікелей байланысты.

Барша мемлекеттік қызметшілерге күнделікті еңбегі мен мемлекеттілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз!

Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!

05 июня 2026
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 2026 жылы 9 маусымда сағат 11-00 де аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша отырыс өтетіндігін хабарлайды.

Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша 2026 жылы 9 маусымда сағат 11-00 де отырыс өтетіндігін хабарлайды:

- «2025 жылға арналған жергілікті бюджетті жоспарлау мен орындаудың тиімділігін бағалау» сараптамалық-талдау іс-шарасы;

- «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» КММ-де жүргізілген «Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудиті».

Мекен жайы: Әль-Фараби даңғылы, 21/5, 3-қабат, мәжіліс залы. 

29 мая 2026
2026 жылғы 28 мамырда Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында «e-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу мәселелері бойынша техникалық оқыту өткізілді.

Баяндамашы ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің Алматы қаласы бойынша прокуроры Асқар Дин-Мухаммед Жандосұлы сөз сөйледі.

Техникалық оқыту барысында «e-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарау тәртібі, процестік мерзімдерді сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану мәселелері қаралды.

Уәжді әрі негізделген жауаптарды дайындауға қойылатын талаптарға, өтініштерді қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге және өтініштерді қарау тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасын тәжірибеде қолдану бойынша түсіндірмелер беріліп, «e-Өтініш» жүйесінде жұмыс істеу барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ атқарушылық тәртіптің бұзылуына жол бермеу шаралары қарастырылды.

Оқыту қорытындысы бойынша қызметкерлер өтініштерді қарау тәртібі, процестік мерзімдерді сақтау және қолданыстағы заңнама нормаларын қолдану тәжірибесіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы