
Алматы қаласы Медеу ауданының Тау Самалы шағынауданында жалпы ұзындығы 80,3 шақырымды құрайтын сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жалғасуда. Жобаны іске асыру нәтижесінде 6 500-ге жуық тұрғын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда магистральдық желілерді тарту жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді инженерлік желілерге қосу және асфальт жабындысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Жол жабындысын қалпына келтіруді қоса алғанда, барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Медеу ауданында «Таулы Қырат», «Малая станица» және «Атырау» шағынаудандарында сумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілерін салу және дамыту жобалары жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, «Таулы Қырат» шағынауданында жалпы ұзындығы 38,1 шақырым инженерлік желі тартылып, 4 200 тұрғын қамтылды. «Малая станица» шағынауданында 4 200 тұрғынды қамтитын 21,4 шақырым желі салынды. Ал «Атырау» шағынауданында 3 100 тұрғынға арналған 29,6 шақырым инженерлік желі жүргізілді.
Қазіргі уақытта Каменское плато шағынауданында жалпы ұзындығы 80,3 шақырымды құрайтын инженерлік желілердің құрылысы жалғасуда.
Төрт жоба аясындағы инженерлік желілердің жалпы ұзындығы 169,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде 78,4 шақырымы – сумен жабдықтау, ал 91 шақырымы – су бұру желілері.
Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде Медеу ауданының 18 мыңға жуық тұрғыны инженерлік инфрақұрылыммен қамтылады.
Сквер аумағында ұзындығы 12 200 метр болатын автоматты суару жүйесі орнатылып, 26 мың м² аумаққа көгал төселді. Жарықтандыру және түнгі жарықтық безендіру жүйелері жаңартылып, жаңа орындықтар орнатылды.
Тұрғындардың жайлы демалысы үшін балалар ойын алаңдары абаттандырылып, шағын сәулет нысандары, балаларға арналған және спорттық элементтер орналастырылды. Сонымен қатар, тас төсемі жаңартылып, екі футбол алаңы қайта жасақталды.
Нәтижесінде сквер заманауи әрі абаттандырылған қоғамдық кеңістікке айналып, аудан тұрғындарының демалуына, спортпен шұғылдануына және белсенді уақыт өткізуіне қолайлы жағдай жасалды.
2026 жылы 12 қазаннан 1 қарашаға дейін Алматы тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жобалық ұсынысын бере алады. Іріктеуден өтіп, дауыс беру қорытындысы бойынша тұрғындардың қолдауына ие болған бастамаларды аудан әкімдіктері 2027 жылы жүзеге асыруды жоспарлауда
Өтінім budget.open-almaty.kz порталы арқылы электронды форматта қабылданады. Қатысу үшін жобаның атауы мен сипаттамасын, іске асыру жоспарланған мекенжайды, сондай-ақ эскиз бен алдын ала сметаны қоса беру қажет. Бұл кезеңде толыққанды жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу талап етілмейді.
Бастама жеке коммерциялық сипатта болмауы керек.
Тұрғындар көгалдандыру, тротуарлар, пандустар мен арықтарды салу және жөндеу, саябақтар, скверлер мен жүргінші аймақтарын көркейту, қалалық инфрақұрылым құрылымдарын жөндеу, заңсыз қоқыс орындарын жою, орындықтар, қоқыс жәшіктері, сондай-ақ балалар және спорт алаңын салу мен жөндеуге қатысты бағыттар бойынша жобалар ұсына алады.
Брифинг барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ жасыл желектерді суару жүйесін дамыту, балама су көздерін пайдалану, көшкінге қарсы іс-шаралар және ауданның туристік әлеуетін арттыру бағыттары сөз болды.
Брифинг соңында аудан әкімі журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Медеу ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді.
1 қазан күні 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Халықаралық қарттар күніне орай «Алтын күз – 2026» мерекелік фестивалі өтті.
Іс-шараның мақсаты – аға буын өкілдерін қолдау, олардың қоғамдық, мәдени, шығармашылық және спорттық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүру қағидаттарын насихаттау.
Мерекелік бағдарламаға Медеу ауданының зейнеткерлері, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары мен олардың отбасы мүшелері, Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Іс-шараға шамамен 200 адам қатысты.
Қонақтар үшін мерекелік бағдарлама, тақырыптық алаңдар мен көрме ұйымдастырылды. Негізгі сахнада құттықтаулар айтылып, шығармашылық өнер көрсетілімдері өтті. Іс-шара барысында музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды.
Сұлусай шағынауданындағы Медеу, 11 мекенжайында тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұған дейін аталған аумақта көше жарығы болмаған. Абаттандыру жұмыстары аясында жаңа сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылып, 27 торшерлік жарықтандыру тірегі қойылды. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер бағыты кешкі және түнгі уақытта жарықтандырылып, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды.
Сонымен қатар аталған аумақта ұзындығы 120 метр болатын баспалдақ салынды. Бұл тұрғындардың қоғамдық көлік аялдамасына ыңғайлы әрі кедергісіз жетуін қамтамасыз етіп, күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Баспалдақтың салынуы әсіресе күзгі-қысқы кезеңде және жауын-шашынды күндері маңызды. Бұған дейін тұрғындар абаттандырылмаған аумақпен жүруге мәжбүр болып, лай мен жер бедерінің күрделілігі қолайсыздық туғызатын. Ендігі бұл жерде тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы жаяу жүргіншілер бағыты қалыптастырылды.
Атқарылған жұмыстар Сұлусай шағынауданындағы жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға, қауіпсіздікті арттыруға және Медеу ауданы тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Қала күні қарсаңында «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру аясында Самал шағынауданында, №116 бөбекжай-балабақшасы мен №131 мектептің арасындағы аумақта жалпы ауданы 410 шаршы метр болатын балалар ойын алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталды.
Жоба аясында балалардың ойын ойнауы мен спортпен шұғылдануына қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмсақ тартан жабыны төселді. Жаңартылған аумақта балаларға арналған әткеншектер, кешенді балалар тренажерлері, күш жаттығуларына арналған тренажерлер, сондай-ақ спортпен шұғылдануға және белсенді демалысқа арналған баскетбол сақинасы орнатылды.
Сонымен қатар балалар мен ересектердің белсенді демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін үстел теннисі үстелі қойылды.
Абаттандыру жұмыстары барысында балаларға ғана емес, ата-аналар мен аға буын өкілдеріне де қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді.
Алматы қаласының Медеу ауданында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған екі жоба жүзеге асырылды.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында «Халық Арена» спорт кешенінің аумағында автоматты суару жүйесі орнатылды. Жоба шеңберінде 4 мың погон метр автоматты суару жүйесі орнатылып, 2,5 мың погон метр желі тартылды.
Жаңа жүйе жасыл желектерді тұрақты әрі біркелкі суаруға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және спорт кешенінің аумағын тиісті деңгейде күтіп ұстауға мүмкіндік береді.
Тағы бір жоба Оспанов көшесінде жүзеге асырылып, жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Мұнда 150 м² асфальтбетон жабыны және 480 м² брусчатка төселіп, 1 650 м² аумақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылды.
Аталған жобаларды жүзеге асыру Медеу ауданында абаттандырылған әрі функционалды қоғамдық кеңістіктерді дамытуға, тұрғындар үшін жайлылық пен қауіпсіздікті арттыруға, сондай-ақ сапалы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы
Медеу ауданының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері — мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері: аудандық білім бөлімі, Медеу аудандық полиция басқармасы, Балаларды қолдау орталығы, заңгерлер және қоғам өкілдері қатысты.
Отырыс барысында білім беру ұйымдарының өтініштері негізінде келіп түскен материалдар қаралды. Әрбір іс бойынша қалыптасқан жағдай, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері, сондай-ақ қолдау көрсету шаралары талқыланды.
Комиссияның негізгі міндеті — проблемалық жағдайларды уақтылы анықтау, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және мүдделі органдар мен ұйымдардың бірлескен жұмысы арқылы кешенді шешімдер қабылдау.
#МедеуАуданы #БалаларҚұқығынҚорғау #КәмелеткеТолмағандар #Комиссия #БалаларБіздіңБасымдығымыз